Page 50 - 10.4
P. 50
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Балалар қуыршақпен, ойыншық сарбазбен, доппен және
сөмкемен (сөмке) ойнайды.
Балалар мектепке сөмкені, оқулықтарды, мәшинені,
қарындашты және қаламды алды (мәшине).
«МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ» ТАҚЫРЫБЫ
Үй
special-edu.kz. special-edu.kz.
Дидактикалық міндет. Балаларда үйдің негізгі бөліктері
туралы түсініктерді қалыптастыру.
Ойын барысы. Мұғалім сөздерді айтады, ал балалар
сәйкес келмейтін сөзді айтады. Мысалы:
Шатыр, есік, терезе, қарындаш, қылтима (қарындаш).
Үйдің есігі, терезесі, көшесі, шатыры (көшесі) бар.
Үйдегі бөлмелер
Дидактикалық міндет. Балаларда үй және үйдегі әртүрлі
бөлмелер туралы түсініктерді қалыптастыру.
Ойын барысы. Мұғалім сөздерді айтады, ал балалар
сәйкес келмейтін сөзді айтады. Мысалы:
Асүй, зал, үстел, жуынатын бөлме, дәліз (үстел).
special-edu.kz. special-edu.kz.
Кім білсе, сол жалғастырсын
Дидактикалық міндет. Үй жануарларының белгілері ту-
ралы түсінікті қалыптастыру.
Ойын барысы. Мұғалім: «Мен мынандай үй жануарла-
рын білемін: ит «... ...» дейді. Балалар осы семантикалық
қатарды жалғастырады.
Мұғалім: «Мен мынандай үй жануарларының төлдерін
білемін: бұзау «... ...» дейді. Балалар осы семантикалық
қатарды жалғастырады.
«БІЗДІ ҚОРШАҒАН ӘЛЕМ» ТАҚЫРЫБЫ
Не сәйкес келмейді?
Дидактикалық міндет. Киім туралы түсінікті қалыптастыру.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Ойын барысы. Мұғалім сөздерді айтады, ал бала сәйкес
келмейтін сөзді айтады. Мысалы:
Бала шалбарды, жейдені, белдемшені және пәлтені
киеді (белдемше).
Киім – бұл шалбар, пәлте және етік (етік).
48