Page 5 - 13.4
P. 5

special-edu.kz.
 special-edu.kz.









                                      КІРІСПЕ
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен (жұмыс дәптері
           және әдістемелік құрал) бастауыш білім беру деңгейіндегі
           0-сыныптағы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды
           «Қол еңбегі» пәні бойынша оқытудың Типтік оқу жоспары мен
           жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға сәйкес құрылған.
             Зерде даму бұзылыстары бар білім алушыларды еңбекке
           баулу  оқыту  мен  түзете  тәрбиелеу  жұмысының  жалпы
           жүйесінің басты тізбегі болып табылады. Бұл зерде даму
           бұзылыстары бар білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу
           үшін  олардың  еңбекке  дайындығының  маңыздылығына
           байланысты. Зерде даму бұзылыстары бар адамдардың
           өнеркәсіп жағдайында өздігінен еңбек етуі, еңбек ұжымының
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           мүшесі болуы – бұл әлеуметтік бейімдеудің табыстылығын
           анықтайтын шарттың біреуі.
             Арнайы  білім  беру  мектебінде  еңбекке  баулудың
           мақсатына өндіріс кәсіпорнында қарапайым жұмыс түрлерін
           кәсіби  және  өздігінен  орындауға  қабілетті  дене  еңбегі
           жұмысшыларын дайындау жатады.
             Осыған байланысты арнайы білім беру мектебінің басты
           міндеттері:
             - белгілі бір еңбек мамандығын меңгеру үшін қажетті білім,
           икемділік пен дағдыларды қалыптастыру;
             -  оқу-еңбекке  баулу  үдерісінде  психофизикалық  даму
           кемшіліктерін түзету;
             -  еңбектенуге  қажеттілік  пен  еңбек  әрекетіне  деген
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жағымды уәжді қалыптастыру.
             Бастауыш сыныптардағы қол еңбегі сабақтары түзету
           мектебі  білім  алушыларын  кәсіби  еңбекке  дайындау
           жүйесінің бірінші сатысы болып табылады.


                                                                           3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10