Page 10 - 13.4
P. 10
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Дәптерде бағдарлау, дәптерді ұқыптылықпен пайдалану,
иллюстрациялық материалдар мен тапсырмаларды түсіну
дағдыларын қалыптастыру үшін арнайы уақыт бөлінеді.
Жұмыс дәптеріндегі қосымша материалда сабақты өткізу
үшін қажетті тапсырманың күрделілік деңгейі бойынша
сараланған дидактикалық материалдар берілген.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Білім алушылар дайындық кезеңінде қол еңбегі сабағында
қайшымен жұмыс істемейді, сондықтан мұғалім қосымшадағы
сабаққа арналған материалдарды алдын ала дайындауға
тиісті. Мысалы, қимаүлгілерді, білім алушының мүмкіндігіне
сәйкес тапсырма берілген бетті қиып алу керек.
Жұмыс дәптері білім алушының сабақтағы жеке өзіндік
жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жұмыс дәптеріндегі жаттығулар білім алушыдан қарау,
сәйкестілікті анықтау, бұйымды орындау жұмысының
бірізділігін ұстану және т.б. белсенді әрекеттерді талап
етеді. Білім алушыда зейінді шоғырландыру, аналитикалық-
синтетикалық әрекеттерді, салыстыру, сәйкестендіру,
special-edu.kz. special-edu.kz.
қарама-қарсылығын анықтау, көру-қимыл үйлесімділігін,
өзін-өзі бақылауды қалыптастыру үшін жағдай тудырылады.
Білім алушының әрі қарайғы оқудағы еңбек әрекетін
мониторингілеу үшін оның сабақтарда орындаған
тапсырмаларын жеке папкада сақтап қою ұсынылады.
Сондай-ақ әрбір жартыжылдықта «Білім алушының қол
еңбегі сабақтардағы оқу-еңбек әрекетіндегі жетістіктері
картасын» толтыру ұсынылады.
Білім алушының әрбір тақырып аясындағы орындаған
әрекет түрлерін мұқият бақылай және талдай отырып, білім
алушының жетістіктері туралы қорытындылай аласыз.
Тоқсандықтар мен оқу жылы аяғында білім алушының
special-edu.kz. special-edu.kz.
орындаған тапсырмалары мен толтырылған жетістіктер
картасы оның портфолиосын құрайды. Бұл материалдар
сізге әр білім алушыға сабақ барысында жеке көмек
көрсетуге, сондай-ақ оқу жылы соңында педагогикалық әділ
мінездеме құруға көмектеседі.
8