Page 12 - 13.4
P. 12

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            - кеңістіктік бағдарлаудың жеткіліксіздігі;
            - қимыл-қозғалыстық атқарымның (қол саусақтары мен
          қол басының қимыл-қозғалысы, көру-қимыл үйлесімділігі,
          бұлшық еттік күшті реттеу бұзылған) дамымауы;
            - жұмыс істеу қабілетінің бұзылыстары.
            Білім алушыларды шартты түрде үш топқа (Н.П.Павлова
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          бойынша)  бөлуге  болады,  бірақ  олар  оқыту  барысында
          өзгеріп  отырады,  еңбек  сабағында  табысқа  жеткен
          балалардың  саны  біртіндеп  арта  түседі.  Әрбір  топтың
          сипаттамасын қарастырайық.
            Бірінші  топқа  жаппай  оқытуда  еңбекті  табысты
          меңгеретін оқушылар жатады. Бұл балалар түсініктемеден
          кейін тапсырмада өздігінен бағдарлап, үлгіге сәйкес келетін
          бұйымды  жасай  алады.  Заттық-операциялық  жоспар
          көмегімен  жақын  операцияны  жоспарлаған  кезде  олар
          сәйкес  келетін  шикізатты  дұрыс  таңдайды  және  жоспар
          бөлімдерін нақты тұжырымдайды.
            Жауап  бергенде  операцияның  түсіп  қалуы  және
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          қайталануы сирек кездеседі.
            Қимылдық еңбек тәсілдерін табысты меңгереді. Бұлшық
          еттік  күш  пен  зейінді  жылдам  бөле  алады.  Талдау  мен
          жинақтауға қатысты жоғары қабілеттілікті көрсетеді. Жұмыс
          қарқыны жоғары. Жұмысқа қабілеті тұрақты орташа немесе
          жоғары.
            Бірінші  топ  оқушыларына  жұмыс  дәптерінде  қызыл
          дөңгелекпен белгіленген тапсырмалар ұсынылады.
            Екінші топ оқушыларына еңбек әрекетінің бір немесе
          екі  жағын  меңгерудегі  қиындықтар  тән  болады.  Бұл  топ
          әртекті және олар бірнеше топшаларды қамтуы мүмкін:
            1. Жалпы еңбек дағдыларын меңгеруде қиындықтарды
          сезінетін білім алушылар. Қиындықтар бағдарлау әрекетін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          меңгеруде  туындауы  мүмкін,  бұл  балалар  бұйымның
          құрылымын талдай алмайды, олар байқалмайтын, бірақ
          маңызды  бөліктерге  назар  аудармайды.  Бұл  балалар
          кеңістіктік бағдарлауда үлкен қиындықтарға кездеседі: олар


          10
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17