Page 17 - 13.4
P. 17

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             -  мұғалім  мен  білім  алушы  бір-бірімен  серіктестік
           қатынаста болуы тиіс;
             - білім алушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтары
           барынша есепке алынуы керек;
             -  әрбір  білім  алушы  жетістіктік  жағдайында  болып,
           нәтижеге қол жеткізгені үшін қуаныш сезімін, қиындықты
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жеңгені үшін мақтаныш сезімін сезінуге міндетті.
             Арнайы мектептердегі қол еңбегі сабақтарына қойылатын
           талаптар:
             1. Сабақтардың мақсатты бағыттылығы.
             Әр сабақ белгілі бір мақсатты жүзеге асыруға бағытталуға
           міндетті.  Қол  еңбегі  сабақтарында  оқыту  және  жалпы
           мақсаттар қойылады. Оқу мақсаттарын қою деген нақты
           бір сабақта шынайы жетістікке (мысалы, ермексазды илеу
           тәсілдеріне үйрету) қол жеткізуді білдіреді. Жалпы мақсаттар
           (тәрбиелеу және түзету) бірнеше сабақ барысында жүзеге
           асырылады,  сондай-ақ  ол  оқушылармен  ұзақ  жұмыс
           (мысалы, заттық-операциялық картаны тірек ете отырып
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жақын  арадағы  операцияны  жоспарлау)  жүргізуді  талап
           етеді.  Оқыту  мақсаттары  еңбек  сабағының  тақырыбына
           сәйкес  өзгереді,  ал  жалпы  мақсаттар  ұзақ  уақыт  бойы
           тұрақты болып қалады. Олар оқушылардың белгілі бір жалпы
           еңбектік дағдыларды, қимылдық әрекеттер бағдарламасын
           меңгеруіне және белгілі бір жеке тұлғалық қасиеттерінің
           қалыптасуына қарай өзгереді.
             Сабақ мақсатында оқушылардың білім мен дағдыларды
           меңгеру үдерісінің кезеңдері: бастапқы танысу, білім және
           дағдылардың тереңдеуі және бекітілуі, дағдылардың жетілуі
           және тұрақты әдеттердің пайда болуы бейнеленеді.
             2. Оқу материалы көлемінің тиімділігі.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Қол еңбегі сабақтарында оқу материалын оқушылардың
           жеке  және  еңбек  мүмкіндіктеріне  қарай  қатал  түрде
           мөлшерлеп  беру  өте  маңызды.  Әр  сабақ  үшін  оқу
           материалын оқушылар жетістікке жететін, алайда олардан


                                                                          15
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22