Page 19 - 13.4
P. 19
special-edu.kz.
special-edu.kz.
жеңілдету немесе күрделендіру арқылы, ал басқа жағдайда
оқытудың арнайы тәсілдемелік әдістерін қолдану арқылы
жүзеге асырылады. Жекешеленген тәсілді жүзеге асыру
деген оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерделеуді
білдіреді.
Экскурсия арнайы мектептің төменгі сыныптарында
special-edu.kz. special-edu.kz.
еңбекке оқытуды ұйымдастырудың тағы бір түрі болып
табылады. Экскурсия – бұл қоршаған әлем заттары мен
құбылыстарын бақылаумен байланысты сабақтың ерекше
бір түрі. Қол еңбегі бойынша бағдарлама табиғатқа бірнеше
экскурсияны ұйымдастыруды қарастырады. Табиғатқа
экскурсия оқушылардың табиғат туралы білімін жинақтау,
оқушыларды жаңа оқу материалын қабылдауға дайындау,
сондай-ақ бұйымды жасау үшін табиғи материалдарды
жинау мақсатында ұйымдастырылады.
Бастауыш сыныптарда құрамдастырылған түрдегі қол
еңбегі сабағы ұйымдастырылады, мұнда бірден бірнеше
дидактикалық міндеттер шешіледі: кейбір техникалық
special-edu.kz. special-edu.kz.
мәліметтер хабарланады, еңбектік икемділіктер мен
дағдылар қалыптастырылады, бұрынғы өткен еңбек тәсілдері
бекітіледі, тәрбилеу және түзету міндеттері шешіледі.
Мұғалім сабақта жүргізілетін жұмысты ойластырады, ол
оның әр кезеңінің қанша уақытты алатынын нақты білуге
міндетті. Сонымен бірге сабақтың басым бөлігі оқушылардың
практикалық жұмысына бөлінуі тиіс.
Сабақ құрылымының нұсқасын ұсынамыз:
1. Ұйымдастыру сәті.
2. Кіріспе әңгіме.
3. Тапсырмада бағдарлау.
4. Жұмысты жоспарлау.
special-edu.kz. special-edu.kz.
5. Практикалық жұмыс.
6. Орындалған жұмыстың сапасын бағалау.
7. Сабақты қорытындылау.
1. Ұйымдастыру сәті. Мұғалім бұл кезеңде оқушылардың
17