Page 23 - 13.4
P. 23

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           болуға, практикалық қолданысы болуға, оларды өздігінен
           жасау ынтасын шақыруға;
             -  оқытудың  пайдаланылатын  тәсілдері,  әдістері,
           құралдары оқушыларда өзінің тұрмысы мен демалысын
           мәдениетті түрде ұйымдастыра білуін қалыптастыруларына
           көмектесуге тиісті.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Оқу көрнекі тәсілдерге көрсету әрекеті, тәжірибе мен
           бақылау жатады.
             Көрсету әрекеті – бұл мұғалімнің оқыту үдерісінде әртүрлі
           көрнекі құралдарын пайдалануы. Қол еңбегі сабақтарында
           еңбек нысандарының табиғи үлгілерін, олардың бейнелерін,
           заттық операцияларды, бұйымды жасаудың графикалық
           және сөздік жоспарын, нұсқаларды, құралдарды және оқу
           фильмдерін көрсетуге болады.
             Төменгі сыныптардағы қол еңбегі сабақтарында оқушылар
           бұйымды  үлгі  бойынша  орындайды,  үлгіге  қойылатын
           талаптар:
             - үлгінің күрделілік деңгейі бағдарламаға сәйкес келуі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           міндетті;
             - үлгі оқушылар пайдаланатын материалдан жасалып,
           ұқыпты әрі әдемі болуға тиісті;
             -  бұйымның  үлгісі  балалардың  осындай  жұмысты
           орындаулары  үшін  бекітілген  талаптардың  барлығына
           сәйкес болуы керек;
             - үлгінің мөлшері балалардың бұйымды орындауларына
           ыңғайлы болуы тиіс (аса үлкен бұйымды жасау көп уақытты
           қажет етеді, ал кішкентай бұйымнан ұсақ бөліктерді көру
           қиын болады).
             Тәжірибе  –  бұл  сырттай  қарағанда  байқау  мүмкін
           болмайтын қасиеттерді ерекшелеу мақсатында заттармен
           белгілі бір әрекетті орындау. Еңбек сабақтарындағы тәжірибе
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           барысында балалар әртүрлі материалдардың (ермексаз,
           саз, қағаз, жіп, сым, ағаш) кейбір қасиеттері туралы білетін
           болады. Мысалы, оқушылар қағаздың қасиеттерін білу үшін
           онымен бірқатар әрекеттерді орындайды. Олар жұқа және


                                                                          21
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28