Page 28 - 13.4
P. 28

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          жұмыс үшін берілгендерді атауды және не жетіспейтінін
          анықтауды ұсынады.
            Жұмыс барысын жоспарлау
            Жұмысты  жоспарлау  еңбек  операцияларын  орындау
          дәйектілігін белгілеуді, оларды орындау үшін қажетті жұмыс
          тәсілдері мен құралдарды анықтауды қамтиды. Жоспардың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          әр бөлімі «жасау» сөзі қосылмай, жұмыс тәсілі «белгілеу»,
          «созу», «жағу» нақты көрсетілген толық сөйлеммен беріледі.
            Жоспарлауға  үйрету  белгілі  бір  дәйектілікпен  жүзеге
          асырылады:  мұғалім  еңбек  әрекетін  сөздік  нұсқаумен
          кезектестіре отырып, әр операцияның орындалуын жеке
          түсінедіреді.
            Содан  кейін  балалар  жақын  арадағы  операцияны
          жоспарлауға үйренеді. Мұғалім алдымен жұмысты неден
          бастау керектігін өзі айтады немесе оқушылардан сұрайды.
          Балалар  көрсетілген  операцияны  орындағаннан  кейін
          (мұғалімнің  көмегімен)  оларға  келесі  операцияны  атау
          ұсынылады («Әрі қарай не істейсіңдер?»).
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Оқушылар  келесі  сатыда  жоспарды  ұжымдық  әңгіме
          барысында  құруға  үйренеді.  Бүкіл  сыныпқа  қойылатын
          сұрақтар  бастапқыда  болашақ  жоспардың  әр  бөліміне
          сәйкес  болады.  Дайын  жоспарды  оқушылардың  біреуі
          қайталайды,  бұл  басқаларында  жұмыс  барысы  туралы
          толық түсініктің құрылуына көмектеседі.
            Жоспарлауға  үйретудің  келесі  кезеңі  –  жоспарды
          мұғалімнің  жартылай  көмегімен  құрастыру.  Оқушыларға
          бұйымды қандай дәйектілікпен орындау туралы ойлануды
          және айтуды ұсынады.
            Оқушыларды жоспарлауға үйретуде заттық-операциялық,
          графикалық  және  сөздік  жоспарлар  сияқты  көрнекі
          құралдарды пайдалану үлкен көмек болады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Мұғалімнің міндетіне оқушыларды жоспар бөлімдерінде
          бағдарлауға, яғни оның құрылысы мен мазмұнын түсінуге,
          одан қандай мәліметтер алуға болатыны туралы талдауға
          үйрету  жатады.  Жұмыс  жоспарын  ұжымдық  әңгімеде

          26
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33