Page 29 - 13.4
P. 29

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           жоспарлаған кезде мұғалім барлық карточкаларды қажетті
           бірізділікпен қояды да, сыныпқа оларды мұқият қарауды
           ұсынады.  Балалар  суретте  бейнеленген  мәліметтерге
           сүйене  отырып  мұғалімнің  сұрақтарына  жауап  береді,
           бұйымды жасау жоспарын айтады.
             Әрі қарай тапсырма күрделенеді. Онда пайдаланылатын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жаттығулар:
             - қажетті операцияны мұғалімнің көрсеткен карточкасы
           бойынша анықтау;
             - жұмыс жоспарын карточкалар бойынша хабарлау;
             -  жоспар  карточкаларын  орналастырудағы  қателерді
           іздеу;
             - жоспар карточкаларын өздігінен қою.
             Сонымен бірге заттық немесе графикалық жоспарлардың
           барлық бұйымдарды жасауда емес, тек жаңа және күрделі
           бұйымдарды  жасауда  ғана  құрылатынын  ескерту  керек.
           Егер  сабақта  өткен  сабақтағы  бұйымға  ұқсас  бұйымды
           жасау керек болса, онда оның үлгісін есепке ала отырып
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жоспарлау тиімді болады.
             Өзін-өзі бақылау
             Бұл – жасалатын нысанның жұмыс басындағы қойылған
           мақсатқа сәйкестілігін анықтау. Ол ағымды және қорытынды
           болуы мүмкін. Жұмыста қателіктерді жібермеу үшін оқушы
           өзінің аяқталмаған бұйымын қайта-қайта не шығатынымен
           салыстырып отыруға үйренуге міндетті.
             Үйрету  нәтижесінде  балаларда  қажетті  бақылау
           икемділіктері мен өзін-өзі бақылау дағдылары қалыптасады.
           0-сыныпта, негізінен, көру арқылы бақылау, сондай-ақ бір
           бөлікті  басқасына  салу,  қатар  қою,  өлшеуіш  көмегімен
           бақылау қолжетімді болады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Көру арқылы бақылауда ең бастысы – шартты эталон мен
           өзінің жұмысын мұқият және жоспарлы түрде салыстыру.
           Балаларды  оқыту  басталысымен-ақ  өзінің  аяқталмаған
           бұйымын  қайта-қайта  үлгімен  салыстыруға  үйретеді,


                                                                          27
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34