Page 26 - 13.4
P. 26

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          бұйымның  құрылымын,  оның  пішінін,  мөлшерін,  бұйым
          жасалатын  материалды  көруге  және  бекіту  тәсілдерін
          анықтауға міндетті.
            Тапсырмада бағдарлау қамтитындар:
            - нысанды талдау;
            - оны жасауға қажетті талаптарды талдау.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Үлгіні талдауда заттың қолданысын, оның ірі және ұсақ
          бөліктерін, мөлшерін, пішінін, материалын, бөліктерді бекіту
          орны мен тәсілін ерекшелеу қажет.
            Нақпішінді,  тұлыпты,  ойыншықтарды  іріктеп  талдау
          керек,  яғни  олардың  бұйымда  болатын  бөліктері  мен
          қасиеттерін ғана ерекшелеу керек. Мысалы, кірпінің тұлыбын
          қарастырғанда,  оның  қарнындағы  жүнін,  саусақтарының
          санын көрсетудің керегі жоқ, себебі бұл бөліктерді орындау
          қарастырылмаған.
            Суретті  қарағанда  оқушылардың  назарын  өзіне  тән
          ерекшеліктерге  сәйкес  көрінбейтін  немесе  жартылай
          көрінетін  белгілерге  аудару  керек.  Балалар  бұйымның
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          бөлігін  ғана  емес,  сол  бөлік  жасалған  бөлшектерді  де
          атауларына қол жеткізуі керек.
            Макетті талдаудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Алдымен
          сюжет көрсетіледі, макеттің негізгі және екінші кезектегі
          бөліктері, олардың тегіс негізге орналастырылуы аталады.
          Мұғалім балалардың назарын макеттің негізгі бөліктерінің
          қайда  және  қалай  орналасқанына,  алдыңғы,  артқы
          жақта тұрғанына аударады. Содан кейін жеке фигуралар
          талданады. Оқушылардың талданатын нысанды жақыннан
          қарауға,  оны  қолымен  ұстауға,  жан-жағынан  қарауға
          мүмкіндіктері болуға тиісті.
            Дайындық  кезеңінде  балалардың  нысанды  талдай
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          алмайтынына, сөздік қорының аздығына, байланыстырылған
          сөйлеу тілінің болмайтынына, зейіні тұрақсыз болуына және
          назарының басқа жаққа жылдам ауып кететіне байланысты
          мұғалім  бұндай  талдауды  бірнеше  сабақ  бойына  өзі


          24
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31