Page 21 - 13.4
P. 21

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           жоспарын  ұстану  қажеттілігін  түсінуге  көмектесетін
           дәйектілікпен жүргізу керек.
             5.  Практикалық  жұмыс.  Сабақтың  басым  бөлігі
           бұйымды орындауға арналады. Оқушы бір сабақ ішінде
           бір бағдарламалық бұйымды жасауға үлгереді. 0-сынып
           оқушылары бұйымды мұғалімнің нұсқауы, жұмыс тәсілін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           көрсетуі  бойынша  орындайды.  Мұғалім  тапсырманы
           орындау барысында балалардың сәйкес жұмыс тәсілдерін
           дұрыс  орындауын,  үшкір  және  кесетін  құралдарды
           пайдаланғанда санитарлық-гигиеналық талаптарды және
           қауіпсіздік ережелерін сақтауларын қадағалайды.
             Мұғалім  балалардың  назарын  үнемі  үлгіге  аударады,
           өзінің бұйымын үлгімен салыстыруды ұсынады, жетелеу
           сұрақтарын қояды, кеңестер мен ұсынымдар береді, бұйымды
           дайындаудың дәйектілігінің сақталуын қадағалайды.
             6. Жасалған жұмыс туралы есеп. Сөздік есеп балаларға
           әрекеттердің ретін түсінуге және есте сақтауға көмектеседі,
           ұқсас  бұйымды  жасаудың  жұмыс  жоспарын  құруды
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жеңілдетеді, балалардың сөйлеу тілін дамытуға көмектеседі.
             Оқытудың  бастапқы  кезеңінде  мұғалім  балаларға
           олардың сабақта не істегендері және қандай материалды
           пайдаланғандары туралы сұрақтар қояды.
             7.  Орындалған  жұмыстың  сапасын  бағалау.  Зерде
           даму бұзылыстары бар балалар өз еңбек нәтижесін дұрыс
           бағалай алмайды, сондықтан оларды орындалған жұмыс
           сапасына деген дұрыс қатынасқа тәрбиелеу қажет. Мұғалім
           түсініктемені,  бағалауды  талап  етпей,  баладан  оның
           жұмысының ұнайтыны немесе ұнамайтыны туралы сұрайды.
             8. Сабақты қорытындылау. Бұл сабақтың қорытынды
           бөлігі.  Мұғалім  барлық  сыныптың  жұмысына  тоқталып
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           өтеді, жұмыс орнындағы тәртіпке және сынып тазалығына
           назар аударады, балалармен бірге ең жақсы бұйымдарды
           таңдайды.
             Сабақтың бұл ұсынылған құрылымы жалғыз мүмкіндік


                                                                          19
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26