Page 20 - 13.4
P. 20
special-edu.kz.
special-edu.kz.
дайындығын тексереді, материалдар мен құралдардың
партада дұрыс орналастырылғанын бақылайды. Мұғалім
оқушыларға құралдарды жұмыс кезінде оң қолымен алатын
болғандықтан, құралдарды оң жаққа, ал материалдар мен
құрылығаларды алуға ыңғайлы болатындай етіп сол жаққа
орналастыру қажеттілігін айтады. Жұмыс операциялары
special-edu.kz. special-edu.kz.
орындалатын тақта баланың алдында тұрады, желім,
қылқалам, қоқыс салынатын сауыт партаның жоғарғы
бөлігінің ортасына орналастырылады. Сабақ барысында
оқушыларға құралдар мен материалдарды өз орындарына
қою қажеттілігі туралы үнемі ескертіліп отырылады.
2. Кіріспе әңгіме. Кіріспе әңгіменің негізгі мақсаты –
оқушылардың зейінін шоғырландыру, оларды алдағы
жұмыспен қызықтыру, оларда бұйымды жасауға деген
жағымды әсер тудыру.
Мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, алдағы
жұмыс мазмұны туралы айтады, балаларды жұмыс
нысанымен таныстырады. Сабақ тақырыбына сәйкес
special-edu.kz. special-edu.kz.
ойыншықтар, суреттер, кітаптардың, журналдардың
иллюстрациялары және басқа да көрнекі материалдар
көрсетіледі, ертегіден, өлеңдерден үзінділер оқылады,
жұмбақтар шешіледі. 0-сыныпта мұғалім ойын элементтері
мен қызықтырмаларды пайдалана отырып балалардың
жұмысқа деген қызығушылығын оятады.
3. Тапсырмада бағдарлау. Балалардың тапсырмада
бағдарлай білуі олардың бұйымды өздігінен дұрыс жасауына
көмектеседі. Тапсырмада бағдарлау деген үлгіні, табиғи
затты, ойыншықты, суретті талдауды білдіреді. Осының
нәтижесінде оқушының ойында дайындайтын затының
нақты бейнесі пайда болады.
4. Жұмысты жоспарлау. Жұмысты жоспарлау деген
special-edu.kz. special-edu.kz.
оқушылардың бұйымды жасау дәйектілігін, қандай да
бір операцияны орындау тәсілін, оны орындауға қажетті
құралдар мен құрылғыларды анықтауды білдіреді.
Балаларды жоспарлауға үйретуді құрастырылған жұмыс
18