Page 18 - 13.4
P. 18
special-edu.kz.
special-edu.kz.
белгілі бір қиындықтарды жеңуді талап ететін, осы арқылы
өз дамуында алға жылжи алатын көлемде таңдау керек.
3. Сабақтардың дидактикалық кезеңдерін сақтау.
Қол еңбегінің әр сабағының айқын байқалатын нақты
құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері (ұйымдастыру
сәті, кіріспе әңгіме, тапсырмада бағдарлау, алдағы әрекетті
special-edu.kz. special-edu.kz.
жоспарлау, оқушылардың практикалық жұмысы, жасалған
жұмыс туралы есеп, оқушылардың әрекетін бағалау,
қорытындылау) болуы тиісті. Сабақтың құрылымы оқу
материалының мазмұнына, педагогикалық мақсаттар мен
ұйымдық талаптарға тәуелді болады. Ол сергіту сәтін,
жұмыс орнын дайындау, техникалық мәліметтерді хабарлау
немесе қайталау, оқушылардың білімі мен икемділіктерін
өзектендіруді қамтиды.
4. Оқыту тәсілдерінің оқу материалының дидактикалық
мақсаттары мен мазмұнына сәйкестігі.
Оқытудың сан алуан түрлі тәсілдерінің ішінен білімді,
икемділіктерді және дағдыларды меңгеруде барынша
special-edu.kz. special-edu.kz.
тиімді болатын оқыту тәсілдерін таңдай білу өте маңызды.
Бір оқу материалын әртүрлі тәсілдермен оқытуға болады.
Сондықтан мұғалім осы сәтте олардың қайсысының тиімді
болатынын білуге міндетті.
5. Оқу уақытын тиімді пайдалану.
Оқушылар еңбек сабағында практикалық әрекеттерге
тартылады, сабақтың әр минуты оқу жұмысымен толтырылуы
керек. Әрине, оқу уақытының басым бөлігі қандай да бір
бұйымды жасау бойынша практикалық жұмысқа арналуға
тиісті. Практикалық сабақтардың қарқыны әр сабақ үшін
жекеше болады, алайда ол оқушылардың еңбектік және
зерделік икемділіктері мен дағдыларының қалыптасуына
special-edu.kz. special-edu.kz.
қарай біртіндеп арта түсуі керек.
6. Оқытудағы жекешеленген тәсіл.
Әр оқушыны оқыту үшін тиімді жағдай тудыру қажет. Бір
жағдайларда жекешеленген тәсіл еңбек тапсырмаларын
16