Page 16 - 13.4
P. 16
special-edu.kz.
special-edu.kz.
үстелден құлап кететін, жерге түсе беретін, қимыл
үйлесімділігі бұзылған балаларға шағын қондырмаларды,
мысалы, жақтауы бар тақтайшаларды ұсынуға болады.
Барлық қосымша тәсілдемелік тәсілдерді, оқытудың
көрнекі құралдары және практикалық тапсырмаларды
балаларға көмек түрінде қарастыру керек. Көрсетілетін
special-edu.kz. special-edu.kz.
көмектің түрі мен көлемінің көрсеткіштері әртүрлі: қиындықтың
сипаты мен деңгейі, олардың оқытудың бастапқы уақытымен
салыстырғанда алға жылжуы, көмекке деген әсері, өткен
тапсырмаларды орындау табыстылығы, материалдың
жаңалығы мен күрделілігі бойынша анықталады.
Көмек түрі әртүрлі болуы мүмкін. Оқушылардың қандай
да бір тапсырманы орындау кезінде мүмкін болатын
қиындықтарын алдын ала болжай отырып, оқушылардың
оқу үдерісінде алға жылжуы мен олардың дербестігін
жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін белсенді көмекті
жоспарлау қажет.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Сабақты ұйымдастыру
Төменгі сыныптардағы қол еңбегі сабақтары оқушыларды
еңбекке баулудың негізгі түріне жатады. Еңбекке баулуға
үйретуді ұйымдастыру түрі ретіндегі сабақтардың
артықшылықтары: жалпы, топтық және жеке жұмыстарды
үйлестіру үшін жағымды мүмкіндіктер тудырады; мұғалімге
материалды жүйелі және дәйектілікпен жеткізуге;
оқушылардың жалпыеңбектік дағдыларын, еңбектік қимыл
тәсілдерін қалыптастыру үдерісін бақылауға мүмкіндік
береді; әрекеттердің басқа да түрлерін ынталандырады.
Сонымен бірге, еңбекке баулу сабақтары тәрбиелеу
міндеттерін педагогикалық мазмұн мен тәсілдер арқылы
special-edu.kz. special-edu.kz.
тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Осы міндеттерді барынша тиімді жүзеге асыру үшін қол
еңбегі сабақтарын ұйымдастыруда және өткізуде ұстанатын
талаптар:
14