Page 11 - 13.4
P. 11
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ҚОЛ ЕҢБЕГІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ
ЖАЛПЫЕҢБЕКТІК ДАҒДЫЛАР МЕН
ИКЕМДІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зерде даму бұзылыстары бар оқушылардың
special-edu.kz.
special-edu.kz. меңгеру ерекшеліктері
еңбек сабақтарындағы білім мен икемділіктерді
Қол еңбегіне оқыту үдерісі, негізінен, жалпы сабақтарда
өтеді, алайда зерде даму бұзылыстары бар оқушылардың
типологиялық жеке даму ерекшеліктері, еңбектегі дербестік
деңгейінің әртүрлі болуы сараланған және жекеше
тәсілдерді қолдануды талап етеді. Білім алушылардың қол
еңбекке оқыту бойынша оқу материалын қабылдау және
меңгеру ерекшеліктері:
1. Бағдарлау әрекеті:
- бұйым үлгісін талдау кезіндегі қиындықтар;
- талдау мен жинақтауға қатысты қабілетінің төмендігі;
special-edu.kz. special-edu.kz.
- ойлау қабілетінің дамуының төменгі деңгейі;
- жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы;
- еңбек етуге қызығушылығының болмауы.
2. Алдағы жұмысты жоспарлау:
- жоспарлау кезіндегі қиындықтар (бірізділіктің бұзылуы,
операцияның түсіп қалуы, жоспар бөлімдерінің қайталануы);
- ұқсас затты жасағанда әрекетті ауыстыра алмау;
- жұмыс қарқынының төмендігі;
- жұмыс тәртібін саналы қабылдаудың төмендігі.
3. Практикалық жұмыс:
- орындалған жұмысты үлгімен, заттық-нұсқалуық
жоспармен, графикалық жоспармен салыстырудағы
қиындықтар;
special-edu.kz. special-edu.kz.
- әрекеттер мен нәтиженің арасындағы себеп-салдарлық
байланысты табудағы қиындықтар;
- бақылау тәсілдерін (көз мөлшерімен, құралмен өлшеу)
жеткіліксіз деңгейде меңгеру;
9