Page 14 - 13.4
P. 14

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          әртүрлілікке уәж деңгейінің төмен болуы, жылдам қажуы
          себепші болады. Кейбіреуінің жұмысқа деген көзқарасының
          жағымды болмауына байланысты жұмысқа деген қабілетінің
          де  төмен  болатыны  байқалады.  Оларда  шаршау,  дене
          даму  жағдайында  да  ауытқушылық  байқалмайды,  бірақ
          балалар  жұмысқа  немқұрайдылықпен  қарайды  –  қалай
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          болса солай істейді, аяғына дейін бітірмей тастай салады.
          Үнемі ынталандыруды қажет етеді.
            4. Жұмыс әрекетінің екі жағын да меңгеруде қиындықтар
          кездесетін оқушылар.  Мысалы,  бір  оқушыларда жұмыс
          қабілеті қимыл-қозғалыс бұзылыстарына сәйкес бұзылуы
          мүмкін.  Басқалардың  жалпы  еңбектік  икемділіктерінің
          бұзылыстарына  қимыл-қозғалыс  аясының  дөрекі
          ауытқушылықтары ілеседі. Үшіншілерінде зерде әрекетінің
          кемшіліктері  жұмыс  жасау  қабілетінің  төменділігімен
          тереңдей  түседі.  Мұндай  жағдайда  әрбір  бұзылысты
          сипаттайтын байқалымдар үйлесуі мүмкін.
            Екінші  топ  оқушыларына  жұмыс  дәптерінде  сары
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          дөңгелекпен белгіленген тапсырмалар ұсынылады.
            Үшінші топқа еңбек әрекетінің үш жағын да меңгеруде
          қиындықтарға  кездесетін  оқушылар  жатады.  Бұларға
          логикалық  ойлау  қабілеті  дамуының  төменгі  деңгейі,
          кеңістіктік бағдарлаудың жеткіліксіздігі тән болады, ал бұл
          оларға тапсырмада өздігінен бағдарлауға және өз жұмысын
          жоспарлауға мүмкіндік бермейді. Тапсырмада бағдарлаудың
          кемшіліктері жұмыс барысын жоспарлауды күрделендіреді:
          балалар  көптеген  операциялардың  орнын  ауыстырады
          немесе тастап кетеді, болғанын қайталайды. Оқушылар
          жалпы түсініктемені түсінбейді. Кейбір оқушылар бірнеше
          рет көрсетуді және нақты түсініктемені қажет ететіндіктен,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          олар жұмыстарын бастамай, мұғалімнің көмегін күтеді.
            Бұрын  алған  білімі  мен  икемділіктерін  қолдана
          алмайтындықтарынан, олар әрбір келесі тапсырманы жаңа
          тапсырма ретінде қабылдайды. Қимыл-қозғалыстарындағы

          12
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19