Page 13 - 13.4
P. 13
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ұзақ уақыт бойы «оңға – солға» түсініктерін шатастырады,
кеңістіктік сипаттаманы түсінбейді және есте сақтамайды.
Жақын операцияны жоспарлауда қайталаулар жиі кездеседі,
тәсілдер түсіп қалады немесе орындары ауыстырылады. Бұл
оқушылардың қимыл-қозғалыс аймағы жеткілікті деңгейде
сақталған және жұмысқа деген қабілеті қанағаттандырарлық.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқушылар бұйымды жасауды үйренгеннен кейін дұрыс
әрекеттенеді немесе сәл қателіктер жібереді. Білім
алушылар материалды меңгерудегі қиындықтарға қарамай,
меңгерген білімін ұмытпайды, ұқсас немесе қарапайым
тапсырманы орындаған кезде қолдануы мүмкін.
2. Еңбектік қимыл тәсілдерін меңгеруде қиналатын
білім алушылар. Оларға еңбектік қимыл тәсілдерін меңгеру
қарқынының баяулығы тән болады, олар кез келген
әрекеттерді баяу орындайды. Қарқынды жоғарылату
нәтижені төмендетеді. Оларда тепе-теңдік, әсіресе
саусақтардың ұсақ қимылы жетілмеген, сондай-ақ керексіз
және біркелкі емес қимылдар кездеседі, бұлшық ет күшін
special-edu.kz. special-edu.kz.
бөле білмейді. Бірақ олар тәсілдің орындалу логикасын
түсінеді, әрекеттің тәртібін есте сақтайды. Сонымен бірге
оларда еңбекке деген көзқарасы жағымды және жұмыс
істеу қабілеті тұрақты болады. Білім алушылар тәсілді
меңгергеннен кейін әрі қарай дұрыс жұмыс істейді және
оны жаңа тапсырманы орындаған кезде қолдануы мүмкін.
3. Жұмыс істеу қабілетінде бұзылыстары бар білім
алушылар. Жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі біркелкі
болмайды. Біреулері ынтамен жұмыс істейді, жақсы нәтижеге
жетуге қызығушылық танытады, сабақтарға деген қатынасы
жағымды болады. Сабақтың екінші жартысында жұмыс
қарқыны мен сапасы төмендейді. Балалар шаршағанына,
бастарының ауыратынына шағымданады, бірақ бұйым
special-edu.kz. special-edu.kz.
жасауларын тоқтатпайды, егер бұйым нашар шықса, олар
уайымдайды. Балалардың басқа бөлігінің сабақтағы жұмысы
біркелкі болмайды, бірде жоғары, бірде төмен нәтиже
көрсетеді, әрекетті мүлдем тоқтатуы да мүмкін. Мұндай
11