Page 6 - 13.4
P. 6
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Дайындық кезеңіндегі еңбекке баулу міндеттері:
- білім алушылардың жеке еңбек ету мүмкіндіктерін
зерделеу;
- білім алушыда жағымды қасиеттерді (еңбексүйгіштік,
табандылық, ұжымда жұмыс істей білу және т.б.)
қалыптастыру;
special-edu.kz. special-edu.kz.
- өзінің және басқалардың еңбектеріне деген құрмет
сезімін тәрбиелеу;
- еңбек түрлері туралы қарапайым білімді хабарлау,
еңбектене білу қасиетін қалыптастыру, еңбектің қолжетімді
тәсілдеріне үйрету, дербестікті дамыту, еңбекке
қызығушылықты тудыру;
- ұйымдық икемділіктерді қалыптастыру: жұмыс орнын
ұйымдастыру, онда материалдар мен құралдарды дұрыс
орналастыру, жұмыс аяқталғаннан кейін оларды жинастыру,
ішкі тәртіп және қауіпсіз жұмыс ережелерін, санитарлық-
гигиеналық талаптарды білу және орындау.
Қол еңбегі сабағы мұғалімінің алдында тұрған бірінші
special-edu.kz. special-edu.kz.
міндет білім алушыларды еңбектің әр түріне деген
қызығушылыққа баулау болып табылады. Ол үшін
оқу материалын ұсынудың сан алуан түрлі тәсілдері,
қызықтырудың әртүрлі элементтері, жағдаяттық ойындар
және басқа да ойын тәсілдері пайдаланылады. Оқушылар
қол еңбегі сабақтарында күрделілігі қолжетімді және
қолданысы түсінікті және нақты нәтижесі көрінетін
бұйымдарды жасайды. Оларды жасау барысында зерде
даму бұзылыстары бар оқушылар жалпы еңбектік дағдылар
мен икемділіктерді (тапсырмада бағдарлау, жұмысты
жоспарлау, тапсырманы орындау туралы есеп беру, жұмыс
сапасын бағалау), әртүрлі материалдар мен оларды өңдеу
special-edu.kz. special-edu.kz.
тәсілдері туралы білімді меңгереді, оқушылардың зерде
және дене даму кемшіліктерін түзету, балаларда сан
алуан түрлі еңбек әрекеттеріне деген сүйіспеншілік пен
машықтарды тәрбиелеу міндеттері жүзеге асырылады.
4