Page 27 - 13.4
P. 27

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           жүргізеді.  Содан  кейін  оқушы  оның  сұрақтары  бойынша
           талдауды қайталайды. Мұғалім үнемі белгілі бір дәйектілікті
           ұстануы керек:
             - затты атау;
             - оның қолданысын көрсету;
             -  бұйымның  ірі  және  ұсақ  бөліктерін,  осы  бөліктердің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           бөлшектерін ерекшелеу;
             - ерекшеленген бөліктердің қасиеттерін (пішіні, көлемі,
           түсі, материалы) анықтау;
             - кеңістіктік орналасуын анықтау;
             - бөліктерді біріктіру түрлерін көрсету.
             Балалар ұжымдық талдау кезінде мұғалімнің көрсетілген
           дәйектілік бойынша қойған сұрақтарына жауап бере отырып,
           зат туралы айтады. Балалардың зейінін нысанның керекті
           бөліктері мен ерекшеліктеріне аудару үшін, жауапты дұрыс
           айту үшін, ойлау әрекетін белсендіру үшін сұрақтар анық,
           нақты және оқушыларға түсінікті болуы керек.
             Еңбек сабақтарында оқушылардың бағдардау әрекеттерін,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           оның  ішінде,  нысанды  талдауда  біршама  қиындықтар
           тудыратын  бұйымның  кеңістіктік  қасиеттерін  ерекшелей
           білулерін  қалыптастыруға  көмектесетін  ойындар  мен
           жаттығуларды ұсыну тиімді болады. Сондай-ақ тапсырмада
           бағдарлау еңбек талаптарын талдауға, яғни жұмыс үшін
           қажетті құралдарды, құрылғыларды және материалдарды
           зерделеуді  қамтиды.  Бұйымды  жасау  жұмысын  дұрыс
           жоспарлау үшін, 0-сынып оқушыларының алдына қандай
           да бір құралдардың, материалдардың не үшін берілгендерін
           анықтау қажеттілігін тудыру керек. Алдымен балалардан
           алдын  ала  дайындалған  құралдарды,  материалдарды
           және құрылғыларды атау және олардың не үшін берілгенін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           түсіндіруді  өтінеді.  Уақыт  өте  мұғалімнің  көмегі  азая
           түседі, ал оқушылар жұмыс талаптарын өздігінен талдай
           бастайды. Мұғалім кейде пайдаланылатын құралдарды,
           материалдарды әдейі көрсетпейді, содан кейін балалардан



                                                                          25
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32