Page 30 - 13.4
P. 30

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          бұл  жағдайда  мұғалім  балалардың  назарын  жұмысты
          орындаған кезде қате жіберуі мүмкін болатын бұйымның
          ерекшеліктеріне аударады.
            Сондай-ақ  оқушылар  бақылаудың  кейбір  дағдыларын
          меңгеруге  тиісті.  Бұйымның  мөлшері  бірдей  бөліктерін
          жасаған  кезде  бір-бірінің  үстіне  салу  тәсілін  көрсетеді,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          мұғалім жұмыс барысында көрсетілген тәсілді пайдалана
          отырып, бөліктерді өзара салыстыруды ұмытпау керектігін
          балалардың естеріне салады.
            Дайын бұйымның сапасын бағалау балаларды өзін-өзі
          бақылауды қорытындылауды жүзеге асыра білуге үйрету
          кезеңі болып табылады.
            Орындалған  бұйымның  сапасына  дұрыс  қатынасты
          тәрбиелеу және балаларды өздерінің дайын бұйымдарынан
          кемшіліктерді табуға үйрету қажет.
            Осы мақсатта мұғалім оқушыдан оған өзінің жұмысының
          ұнайтыны немесе ұнамайтыны туралы айтуды (түсініктемені
          талап  етпей)  өтінеді.  Әрі  қарай  баладан  бұйымның
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          кемшіліктері  мен  артықшылықтарын  көрсете  отырып,
          кемшіліктерінің  себебін  түсіндіре  отырып  бұйымның
          сапасы туралы айтып беруін сұрау керек. Балаларды тек
          өзінің бұйымын ғана емес, сондай-ақ сыныптастарының
          жұмыстарын да талқылауға тарту керек. Бұл жағдайда олар
          үшін өздерінің жұмыстарын үлгімен ғана емес, сондай-ақ
          өзара салыстыруға мүмкіндік туады.
            Бұл  –  баланың  назарын  жіберілген  қателерге,
          тапсырмалардың  дер  кезінде  дұрыс  орындалмауына
          аудару және оларды түзету кезінде оның жұмысқа және
          оның орындау нәтижесіне деген сыни көзқарасын дамытуға
          көмектеседі.  Бұл  бақылау  икемділігі  мен  дағдыларын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          табысты дамыту үшін қажетті дайындықты қалыптастырады.
            Жалпыеңбектік  икемділіктер  мен  дағдыларды
          қалыптастыруға көмектесетін тәсілдер мен әдістер:
            1.  Жаңа  жұмысты  жоспарлауды  немесе  жаңа  білімді


          28
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35