Page 49 - 17.3
P. 49

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             2. Жемістерді геометриялық фигуралармен салыстыруды
           ұсыну, геометриялық қимаүлгілерді жемістердің бейнесімен
           немесе көлемді геометриялық фигураларды жемістердің
           нақпішінімен салыстыру.
             3. Жемістер туралы өлеңдер, жұмбақтар оқу.
             4. Ойын ұйымдастыру. Мысалы, жемісті иісі бойынша,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           сипаттамасы бойынша тану, жемістерді басқа тағамдардың
           арасынан табу.
             Тапсырмалар:
             1. Болашақ суреттің үлгісін қарау.
             2. Қимаүлгімен жұмыс ережелерін қайталау.
             3.  Қимаүлгілердің  көмегімен  қозғалмалы  аппликация
           түріндегі композицияны алдымен тақтада, содан кейін жеке
           дәптерде жасауды ұсыну.
             4. Білім алушыларды «натюрморт» түсінігімен таныстыру.
             5. Композиция бойымен жүргізу және бояу.


             30-сабақ. Пайдалы тамақтар. Көкөністер
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             «Тағам және сусын» ортақ тақырыптың мәнмәтінінде:
             1. Білім алушылардың көкөністер туралы білімін (Қайда,
           қашан өседі? Дәмі қандай, пайдасы қандай? Олардан не
           дайындауға болады?) өзектендіру.
             2.  Ойын  ұйымдастыру.  Мысалы,  қандай  көкөністерді
           шикідей  жеуге  болады?  Ал  қандай  көкөністерден  тамақ
           дайындау керек?
             Тапсырмалар:
             1.  Үлгіні  қарау  (көкөністер  түрлі  түсті  қарындашпен
           салынған және ермексазды жағу арқылы «боялған»).
             2.  Білім  алушылармен  бірге  сурет  салу  жұмысының
           жоспарын құру.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             3. Ермексазды сурет сұлбасының ішіне жағу техникасына
           үйрету:
             – ермексаздың кесегінен үзіп ал;
             – үзіп алған ермексазды саусақпен суретке жақ.


                                                                          47
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54