Page 51 - 17.3
P. 51

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

                 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНЫҢ ҮЛГІЛІК
                                  КОНСПЕКТІСІ

             Кіріспе сабақ. Бейнелеу өнері сабақтары.
             Сабақтың міндеттері:
             Жұмыс орнын ұйымдастыру дағдылары мен икемділіктерін
 special-edu.kz.
           түсініктерін қалыптастыру. special-edu.kz.
           (сурет  салуға  арналған  альбомды  және  басқа  да  оқу
           құралдарын партада дұрыс орналастыру) қалыптастыру.
             Балаларды қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.
             Кеңістіктік түсінікті дамыту, «оң жағы», «сол жағы», «оң
           жақ шеті», «сол жақ шеті», «жоғары», «төмен», «ортасында»

             Білім алушыларда мұғалімнің тақтада салған суреттерін,
           кестедегі түрлі түсті бейнелерді қабылдауда эмоциялық
           көтеріңкі  көңіл  күй  туғызу.  Білім  алушылардың  жеке
           бейнелеу  мүмкіндігін  анықтау  мақсатында  балалардың
           жұмыстарын талдау.
             Сабақтың  мазмұны.  Мұғалім  балаларға  мектепте
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           оқуға,  жазуға,  санауға  ғана  емес,  сонымен  бірге  сурет
           салуға да үйренетіндерін айтады. Әрбір адам сурет салуға
           үйрене алады. Бұл үшін байқампаз болып, қарындашты,
           фломастерді, бояуды дұрыс пайдалануға үйрену қажет.
           Заттардың  суретін  салудың  көптеген  тәсілдері  бар.
           Мұғалім:  «Қазір  мен  тақтаға  бірнеше  дөңгелек  саламын
           (суретін салады), олардың барлығы бірдей. Бірақ олардың
           әрқайсысына  бірнеше  сызық  салсақ,  онда  не  шығады?
           Айтыңдар», – дейді. Білім алушылар атайды:  шар, доп,
           апельсин, дөңгелек, сағат, бауырсақ, тоқаш.
             Мұғалім бейнелеу өнері сабағына арналған оқу құралдары
           туралы, оларды жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін партада
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қалай орналастыру керектігі, дәптерді (жазудағыдай еңкіш
           емес, түзу, тура) және қарындашты (оң қолмен, сұқ саусақпен
           баса отырып, үлкен және ортаңғы саусақтардың ортасында)
           қалай ұстау керектігі туралы айтады. Сондықтан алдымен



                                                                          49
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56