Page 5 - 18.3
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
КІРІСПЕ
special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқу-әдістемелік кешен (№ 1, 2 жұмыс дәптерлері және
әдістемелік құрал) бастауыш білім беру деңгейіндегі
1-сыныптағы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқытудың Типтік оқу
жоспары мен жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға
сәйкес құрылған.
«Бейнелеу өнері» оқу пәні жеңіл ақыл-ой кемістігі
бар білім алушыларды дамыту, оларды оқыту мен
эстетикалық тәрбиелеу үшін өте маңызды. Бейнелеу
әрекетін қалыптастыру білім алушылардың композиция,
сурет бойынша белгілі бір білімді практикалық тұрғыда
меңгеру, түстердің қасиеттерімен, құралдармен және көркем
special-edu.kz. special-edu.kz.
материалдармен жұмыс тәсілдерімен танысу үдерісінде
мүмкін болады. Сондықтан танымдық әрекеті, көру-қимыл
үйлесімділігі және еркін қол қимылы дамымаған, сондай-ақ
эмоциялық ерік аясының дамуында ерекшеліктері бар жеңіл
ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бейнелеу
өнері сабақтарының түзету бағыты анық байқалады.
1-сыныптағы зерде даму бұзылыстары бар оқушыларды
бейнелеу өнеріне оқытудағы негізгі міндеттер:
1) білім алушыларда жекетұлғалық жағымды қасиеттерді
тәрбиелеу (табандылық, білуге деген талпынысты, ізгі
ниеттілікті және т.б.);
2) бейнелеу әрекеті сабақтарына деген қызығушылықты
special-edu.kz. special-edu.kz.
тәрбиелеу;
3) білім алушыларда эстетикалық сезімталдық пен
қоршаған болмыстағы сұлулықты түсінуді дамыту жұмысын
жүргізу;
3