Page 10 - 18.3
P. 10

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                ЗЕРДЕ ДАМУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БІЛІМ
              АЛУШЫЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН
          ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

                                Сәндік сурет салу
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Бейнелеу әрекетінің бұл түрі оқушыларды эстетикалық
          тәрбиелеуге көмектеседі. Сурет салудың бұл түрі зерде
          даму бұзылыстары бар балалар үшін басқаларға қарағанда
          түсінікті және қолжетімді болады, сондықтан оқытуды осы
          жұмыс түрінен бастаған тиімді болады.
            Сәндік  сурет  салудың  оқытудың  бастапқы  кезеңіндегі
          сабақтардың  басқа  түрлерімен  салыстырғандағы
          артықшылығына, сәндік сурет салу тікелей заттың өзіне
          қарап сурет салу кезінде міндетті болатын нысанның пішіні
          мен құрылымы туралы нақты білімді қажет етпеуі жатады.
          Оқушылар  оюды  құрастырғанда,  қарапайым  бейнелеу
          элементтері мен барынша қарапайым бөліктерді белгілі бір
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          аралықта кезектестіре отырып пайдаланады. Элементтерді
          әртүрлі тәсілмен қиыстыру, түсі, мөлшері, пішіні бойынша
          кезектестіру  оқушыларда  сан  алуан  түрлі  оюларды  көп
          мөлшерде құрастыруға мүмкіндік береді.
            Композиция,  яғни  сәндік  суреттердегі  бөліктерді
          орналастыру мен олардың өзара байланысы өте қарапайым
          болуы мүмкін, оқушыларға сәйкес сарын бойынша құрастыру
          қажет болатын дайын геометриялық фигураларды (жолақ,
          шаршы, дөңгелекті) таратып береді.
            Оқушылар сәндік сурет салу кезінде қарындашқа басу
          күшін,  біртекті  қайталанатын  қимылдарды  орындаудың
          ырғақтылығын  және  олардың  амплитудасын  (сілтемін)
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          жетілдіреді. Олар тік, көлденең және көлбеу түзу сызықтарды
          жүргізуге, толқынды сызықтарды салуға, кесінділерді тең
          бөліктерге  бөлуге  үйренеді,  қарапайым  суреттерді  көз
          мөлшерімен  бақылауды  дамытуға,  өрнек  элементтерін

          8
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15