Page 13 - 18.3
P. 13

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           қандай да бір тәсілін меңгергенде қалай әрекеттену керектігін
           түсіндірудің нәтижелік тәсілі болып табылады.
             Бастауыш сыныптарда тапсырманың бір бөлігі тікелей
           мұғалімнің әрекетінің ізімен орындалуы мүмкін; бұл жағдайда
           оқушылар айтқанның суретін салу болып табылады. Мұғалім:
           «Мен тақтаға, ал сендер дәптерге сурет салыңдар», – дейді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Сабақта алдын ала дайындалған үлгілерді пайдалану
           сәндік сурет салуға үйретудің маңызды бір бөлігіне жатады.
           Олар  жолақтағы,  шаршыдағы,  дөңгелектегі  өрнектердің
           қандай болатынына мысал болады; үлгілер өрнектердің
           бірдей  геометриялық  пішіндерде  әртүрлі  орналасуының
           мүмкін болатынын көруге мүмкіндік береді.
             Өрнектерді қарастыру үдерісінде түстердің әдемі үйлесуі
           туралы түсінік қалыптасады; үлгінің болуы суретте өрнек
           элементтерінің мөлшерін дұрыс беруге көмектеседі; балалар
           суретті үлгіге қарай түсті қарындаштармен және бояумен
           орындау техникасын жеңіл меңгереді. Бір сабақта бір-бірінен
           қандай да бір ерекше, мысалы, элементтерінің таңдалуына
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           немесе олардың орналасуына қатысты айырмашылығы бар
           үш-төрт үлгіден артық болмағаны дұрыс.
             Мұғалімнің міндеті – оқушылардың өрнектерде нелердің
           бірдейлігін,  ал  нелердің  бір-бірінен  ерекшеленетінін
           түсінулеріне қол жеткізу.
             Оқушылар  дайындық  жұмысының  барысында  қандай
           да  бір  элементтерден  әртүрлі  өрнектерді  құрастыруға
           болатынын,  сондай-ақ  оюдың  негізгі  бөліктері  ырғақпен
           қайталанғанда немесе симметриялы орналасқанда ғана
           шығатынын көреді.

                     Тікелей заттың өзіне қарап сурет салу
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Тікелей  заттың  өзіне  қарап  сурет  салу  сабақтарының
           түзете дамыту әсері өте үлкен, осы сабақтардың үдерісінде
           жүзеге асырылатындар:
             1)  перцептивтік  әрекеттерді,  яғни  заттарды  пішіні,

                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18