Page 17 - 18.3
P. 17

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           белсенділігін  шақыруы  үшін  мұғалім  заттың  және  оның
           бөліктерінің пішініне, мөлшеріне, түсіне және т.б. қысқаша
           сипаттама береді.
             Оқушылардың көру түсінігін байыту үшін, заттардың сыртқы
           түрі  туралы  түсінікті  нақыталу  үшін  иллюстрацияларды,
           адамдар мен жануарлар бейнеленген кестелерді, әртүрлі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           репродукцияларды,  ашықхаттарды,  фотосуреттерді
           және  т.б.  пайдалану  маңызды.  Сондай-ақ  тақырыптық
           сурет  салу  сабағына  арналған  құралдардың  тізіміне
           ойыншықтар,  нақпішіндер,  құстар  мен  жануарлардың
           тұлыптары және т.б. кіруі керек. Табиғи нысандарды және
           көрнекі құралдарды жан-жақты зерделеу түсініктің жақсы
           қалыптасуын қамтамасыз етеді.
             Практикалық жұмыстың алдында оқушылармен дайындық
           жұмысы жүргізіледі:
             - суреттің тақырыбын анықтау, нақтылау және түсіндіру;
             - оқушылардың суретке қосылған нысандарды атауы және
           сөзбен сипаттауы;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             -  нысандарды  және  олардың  бейнелерін  қосымша
           қарастыру және зерделеу;
             - заттың бейнесін дәл беру үшін әртүрлі құрылымдық
           элементтерді зерделеу;
             - сурет бөліктерін кеңістікте тиімді орналастыру мақсатында
           оқушылардың құрылымдық жұмысын ұйымдастыру;
             - суретті орындау тәртібін түсіндіру және жұмыс тәсілдерін
           көрсету;
             - ойын сәттері мен ойын жағдайларын пайдалану.
             Оқушылардың елестету бойынша сурет салу кезіндегі
           кездесетін қиындықтарына байланысты олармен жүргізілетін
           жекеленген жұмысқа көп көңіл бөлінеді. Мұғалім қандай да
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           бір көмекті дер кезінде көрсете, оқушының қате әрекетін
           түзете  және  оларды  түсіндіре  отырып  суретті  орындау
           жұмысына белсенді араласады, оқушылардың бейнелеу
           жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды.


                                                                          15
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22