Page 15 - 18.3
P. 15
special-edu.kz.
special-edu.kz.
оқытудың ең тиімді құралы. Оның мақсаты жұмыстың
техникалық тәсілдерін, сондай-ақ суретті құрудың дәйектілігін
көрсету болып табылады. Бұндай суретті оқытудың бастапқы
кезеңінде пайдалану жоспарлау міндетін жеңілдетеді.
Оқушылар мұғалімнің нұсқаларына сәйкес оған еліктей
отырып жұмыс тәртібін барынша дәл сақтайды және
special-edu.kz. special-edu.kz.
орындайды.
Алайда нысандардың құрылымының күрделенуіне қарай
мұғалім алдымен суретті құрудың барлық үдерісін көрсетуге,
содан кейін оны кезеңдерге «бөлуге», оқушылармен бірге
әр кезеңмен «жұмыс істеуге» міндетті. Керісінше жағдайда
дұрыс жолдан «тайып кетуге», бейнені құру логикасының
бұзылуына әкеліп соқтырады.
Оқушылар суретті құрудың әр кезеңін түсінуге және
есте сақтауға міндетті. Бұл үшін олар әрекетті орындау
дәйектілігін қайталайды. Содан кейін ғана балалар сурет
салуға кіріседі.
Сурет салу кезінде мұғалім балалардың назарын бейнелеу
special-edu.kz. special-edu.kz.
нысанына аударады, оларды нысанды қайтадан қарауға
ынталандырады, бақылау сұрақтарын қояды: «Сен ненің
суретін салдың? Енді ненің суретін салу керек? Әрі қарай
ненің суретін саламыз?» Оқушы суретті салып болғаннан
кейін, қалай жұмыс істегендері туралы әңгімелейді.
Балаларды оқытудың келесі кезеңі – әңгіме барысында
мұғаліммен бірге суретті құрастырудың жоспарын құру. Бұл
кезеңде оқушыларға көрсетілетін көмек мөлшері әртүрлі
болады. Ол оқушылардың жалпы дайындығына, нысанның
күрделілік деңгейіне, сабақтың мақсаты мен міндеттеріне
тәуелді болады.
Өзінің әрекетін жоспарлай білуді дамытудағы басты рөл
special-edu.kz. special-edu.kz.
көрнекі құралдарға, ең алдымен, бейнені құрудың негізгі
кезеңдері көрсетілген сызба суреттерге беріледі. Балалар
мұғалімнің басшылығымен оны пайдалана отырып жұмыс
тәртібін анықтайды, ол туралы айтады және есте сақтайды.
13