Page 16 - 18.3
P. 16

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            Алдын ала жоспарлаудың түзету мағынасы өте үлкен,
          себебі ол зерде даму бұзылыстары бар баланы алдына
          қойылған міндетті ойлауға және өз әрекеттерінің дәйектілігін
          белгілеуге ынталандырады. Ең соңында оқушылар дербес,
          өзіне-өзі сенімді болып, өз жұмыстарына дұрыс баға бере
          біледі.
 special-edu.kz.            Тақырыптық сурет салу
                                           special-edu.kz.


             Зерде даму бұзылыстары бар балалар үшін тақырыптық
          сурет салу өте қиын сабақтардың бірі болып табылады,
          себебі ол түсініктерге, яғни бұрын қабылдаған нысандардың
          көрнекі бейнелеріне негізделеді. Тақырыптық сурет салу
          қоршаған  өмірдегі  жеке  заттарды  немесе  қарапайым
          оқиғаларды  елестету  бойынша  бейнелеуді  білдіреді.
          Мұндай  жұмыс  балалардан  белгілі  бір  мақсатқа,  яғни
          нақты  тақырыпты  графикалық  түрде  бейнелеуге  сәйкес
          тәжірибені  шоғырландыруды,  түсініктер  мен  елестетуді
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          белсендіруді  талап  етеді.  Оны  ашу  сәйкес  бейнелерді,
          олардың құрылысын, пішінін, мөлшерін, түсін еске түсіру
          қажеттілігін шақырады. Суреттің композициясы бойынша
          міндеттерді  шешу  балалардан  үлкен  күшті  талап  етеді.
          Алайда зерде даму бұзылыстары бар балалар елестету
          бойынша сурет сала отырып, өздеріндегі нақты болмайтын
          көру бейнелерінің және бейнелердің сызбалық тәсілдерінің
          кедей  қорын  негіз  етеді.  Берілген  тақырыпқа  салынған
          суреттердің  сапасы  оқушылардың  өткен  тәжірибесіне
          тікелей тәуелді болады. Сондықтан сабақта тақырыптық
          сурет  салудың  мазмұнының  маңызы  үлкен.  Балаларда
          болатын қандай да бір зат (құбылыс) туралы түсініктерді
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          есепке алмай берілген күрделі тапсырмаларды орындау
          мүмкін болмауы мүмкін.
            Бастауыш  сынып  оқушыларының  алдына  қарапайым
          міндет – елестету бойынша қандай да бір таныс заттың
          суретін салу қойылады. Тапсырма балалардың танымдық

          14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21