Page 11 - 18.3
P. 11

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           симметриялық орналастыруға, түстік үйлестіру мен негізгі
           геометриялық фигураларды шығаруға жаттығады.
             Сәндік сурет салу үдерісінде оқушылардың геометриялық
           пішіндер  туралы  түсініктерін  нақтылау  және  байыту
           бойынша  үлкен  жұмыс  жүргізіледі.  Сабақтың  бастапқы
           кезеңдерінде мөлшері бойынша кезектестірілетін (үлкен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           дөңгелек – кішкентай дөңгелек, үлкен дөңгелек – кішкентай
           дөңгелек және т.с.с.) геометриялық өрнектерден құралатын
           оюлармен жұмыс тиімді болады. Содан кейін оқушылар екі
           пішінді (дөңгелек – шаршы, дөңгелек – шаршы және т.с.с.)
           қамтитын өрнектерге көшеді. Ең соңында екі-үш пішіндер-
           ден және басқа геометриялық элементтерден құралатын
           өрнектерге,  күрделі  композицияға  көшуге  болады.
           Өрнектерді құрастырғанда суреттің кеңістіктік композициясы
           маңызды басты орын алады.
             Сәндік сурет салу міндеттерін шешу үдерісінде белгілі
           бір бірізділікті сақтау өте маңызды болады. Сонымен бірге
           ұстанылатын психологиялық-дидактикалық талаптар:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             а) сенсорлық және ойлау үдерістерін өрнектің белгілерін
           ерекшелеу, түсі бойынша салыстыру және жіктеу арқылы
           оларды жан-жақты қарастыруды, түсінуді ұйымдастыруды
           белсендіру;
             ә) өрнек элементтерін бояу кезіндегі сақталатын тәртіптер:
             - түстерді ажырату (балаларға таныс материалда);
             - өрнектің құрылымдық бөліктерінің түстерін ерекшелеу;
             - оны сөзбен белгілеу;
             - оның атауын бекіту;
             - басқа бөліктердің түсімен сәйкестендіру;
             - атауы бойынша түсті қарындашты таңдау;
             - берілген түсті атау;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             - оқушылардың зейінін әрекет уәждемесін күшейте түсіп,
           түстік реңктерге және түстердің әдемі үйлесуіне бекіту;
             - өрнекті (оюды) сәйкес бояу;
             б) оқытудың бастапқы кезеңінде екі түспен (мысалы, сары


                                                                           9
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16