Page 18 - 18.3
P. 18

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            Мұғалім жұмыстың шамалы бір бөлігін (мысалы, сурет
          элементтерінің  орналасуын  көрсету)  өзіне  ала  алады,
          ал кейбір жағдайда балаға қажетті заттың суретін салуға
          көмектесе  алады.  Мұнда  көмек  ақталады,  себебі  ол
          белсендіру және ынталандыру құралы болып табылады.
          Мұғалім  көмектескен  ең  ауыр  деген  балалардың  өзінің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          суретті жақсы орындауға деген белсенділігі мен ынтасын
          байқатады.  1-сыныптың  оқушыларының  тақырыптық
          суреттерінде барлық заттар әдеттегідей бір қатарда, яғни
          бірінші жоспарда бейнеленеді.
            Тақырыптық сурет салу сабақтарындағы түзете тәрбиелеу
          жұмысын мақсатты бағытта ұйымдастыру жұмысы оқушы-
          ларға қойылған міндеттер қолжетімді және нақты болғанда
          ғана бір нәтижеге жете алады.


                            Сабақты ұйымдастыру

            Сабақ  –  оқушылардың  оқу  әрекетін  ұйымдастырудың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          негізгі түрі. Сурет сабағындағы жүзеге асырылатын жалпы
          білім беру міндеттерінен басқа түзету жұмысын өткізуге де
          үлкен көңіл бөлінеді. Жұмыс түріне (тікелей заттың өзіне
          қарап сурет салу, сәндік немесе тақырыптық сурет салу)
          тәуелсіз әр сабақта негізгі кезеңдер ерекшеленеді.
            Бейнелеу өнері сабағының жалпы ұйымдық құрылымы
          келесі түрде берілген:
            I. Дайындық бөлімі.
            1. Ұйымдастыру кезеңі (балаларды жалпы ұйымдастыру,
          қажетті оқу құралдарын дайындау).
            2.  Кіріспе  әңгіме  (зейінді  жұмылдыру,  эмоциялық
          қызығушылықты  тудыру,  білім  алушылардың  бейнелеу
          әрекетіне деген уәжін арттыру).
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            II. Негізгі бөлім.
            1. Бейнелеу нысанын (болмыс немесе үлгі) пішіні, көлемі,
          құрылысы, түсі, кеңістіктегі қатысы бойынша талдау немесе
          сурет сюжетін (тақырыптық сурет салуда) анықтау.

          16
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23