Page 52 - 18.3
P. 52

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            19-сабақ. Қазақстан бойынша саяхат
            «Саяхат» ортақ тақырыптың мәнмәтінінде:
            1. Қазақстанда жартаста салынған суреттер сақталған
          көп  жерлердің  барлығы  (мысалы,  «Таңбалы  тас»)
          туралы  әңгімелеу.  Бірінші  суретшілер  жауынгерлер  мен
          аңшылар  болды.  Ежелгі  жауынгер  қарсыласын  қорқыту
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          үшін өзін суреттермен әшекейлеп тастайтын. Ал аңшылар
          алдағы  аңшылығы  сәтті  болу  үшін  жануарды  жеңу
          әрекетін бейнелеген және ол сонысымен жануардан күшті
          болатынына сенген (1-сурет).
            2. Қазақстанда ежелгі суретшілердің суреттері көп. Ол
          кезде адамдар өте байқампаз болған, сондықтан олардың
          жануарлары  тірі  сияқты  бейнеленген  (2-сурет).  Ежелгі
          суретшілер  бастапқыда  жануарлар  мен  адамдардың
          бейнелерін үңгірлердің қабырғаларына үшкір таспен тырнап
          салған.  Содан  кейін  олар  жануарлар  мен  адамдардың
          суретін салуға және түсті сазбен немесе ағаш көмірмен
          бояуға үйренеді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Тапсырмалар:
            1.  Фломастермен  жүргізу  ережелерін  (суретті  жіңішке
          сызықпен салу, қатты баспау) қайталау.
            2.  Білім  алушыларға  ежелгі  суретшілерге  айналуды,
          яғни алдымен альбомға қарындашпен сурет салуды, содан
          кейін қандай да бір пішінді фломастермен жүргізуді ұсыну.
          Суреттің үлгісін иллюстрациядан алуға болады.


            20-сабақ. Қазақстан таулары
            «Саяхат» ортақ тақырыптың мәнмәтінінде:
            1. Қазақстан таулары туралы қысқаша әңгіме өткізу.
            2.  Суретшілердің  тау  туралы  шығармаларын  қарау,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          балалардың  назарын  артқы  және  алдыңғы  пландарға
          аудару.
            3. Білім алушылармен иллюстрациялардағы суреттерді
          талқылау.


          50
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57