Page 47 - 18.3
P. 47
special-edu.kz.
special-edu.kz.
операциясын жетілдіру үшін өте пайдалы болады. Білім
алушылар құрылыс материалдарының элементтерінен
құрылыс сала отырып суретті орындаудың бірізділігін
практикалық тұрғыда есте сақтайды, себебі сурет салу
да осы тәртіпте (модель бөліктері бір-бірінен жеке)
орындалады. Бұл оларға осы бөліктердің қолданысын
special-edu.kz. special-edu.kz.
жақсы түсінуге көмектеседі, яғни сурет салуда қателесудің
алдын алады. Мұғалімнің қандай да бір бөліктің атқарымына
қатысты нұсқауы да суреттегі дәлсіздіктің алдын алуға
немесе түзетуге көмектеседі.
2. Білім алушының мүмкіндігіне қарай тапсырманың 2
нұсқасы: жетіспейтін бөліктердің суретін салу немесе үйдің
суретін өздігінен салу ұсынылады.
3. Жұмыстарды бейнелеу өнері позициясынан: суреттің
сапасын, бояған кезде суреттің шегін сақтауды, суреттің
қағаз бетінде кеңістіктік орналасуын талқылауға үйретеді.
11-сабақ. Менің анам
special-edu.kz. special-edu.kz.
«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыптың
мәнмәтінінде:
«Отбасы» түсінігін нақтылау. Достармен және жақын-
дарының арасындағы айырмашылықтарды нақтылау.
Сұрақ қою:
1. Үйіңді еске түсіргенде ең бірінші кім туралы ойлайсың?
2. Сенің анаң қандай? (Мейірімді).
3. Өз анаңды сипатта (бойы, шашының түсі мен ұзындығы,
көзінің түсі).
4. Суретшілердің ұсынылған жұмыстарын қарау және
талқылау.
Тапсырмалар:
1. Портреттерді (суреттерді, фотосуреттерді) көрсету.
special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Тақтада нүктелер мен штрихтардың көмегімен адамның
бетінің суретін қалай салуға болатынын көрсету.
3. Технологиялық картаны талқылау.
45