Page 44 - 18.3
P. 44
special-edu.kz.
special-edu.kz.
13. Мұғалімнің көмегімен өзінің жұмысын үлгімен
салыстыруға және жұмысты талдауға үйрету.
6-сабақ. Менің сыныптастарым
«Өзім туралы» ортақ тақырыптың мәнмәтінінде:
1. Суреттен шаштарының түсі әртүрлі адамдарды көрсету.
special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Сыныптастарының шаштарының түсі туралы әңгімелесу.
3. Суреттегі шаштарды бояу.
Тапсырмалар:
1. Білім алушыларға шашты қарындашпен нұсқар
бойынша қалай бояу керектігіне нұсқау беру.
2. Графикалық жаттығуларды орындау. Тапсырма
мұғаліммен бір мезгілде орындалады.
3. Білім алушылардың мүмкіндіктеріне қарай кейбір білім
алушыларға алдын ала талдағаннан кейін жұмысты өздігінен
орындау ұсынылады.
7-сабақ. Күзгі қала. Экскурсия
special-edu.kz. special-edu.kz.
«Менің мектебім» ортақ тақырыптың мәнмәтінінде:
1. Күзгі бояудың әдемілігін бақылау, сабақтағы жұмыс
үшін жапырақтарды жинау мақсатында «Күзгі табиғат»
экскурсия сабағын өткізу.
2. Сабақтың бір бөлігі ретіндегі экскурсияны мектеп
жанындағы үлескеде өткізуге болады.
3. Мектеп жанындағы үлескедегі күзгі жұмыстарды
бақылау.
Тапсырмалар:
1. Табиғаттағы күзгі өзгерістер туралы әңгіме
өткізу. Жапырақтарды бейнелеу өнері мен қол еңбегі
сабақтарындағы алда болатын жұмыстар үшін дайындау.
2. Тапсырманы дәптерде орындау.
special-edu.kz. special-edu.kz.
3. Иллюстрацияны қарау. Жапырақтың түсті бейнесін сұр
сұлбамен қосу.
4. Табиғи жапырақтарды суреттегі жапырақтармен
салыстыру. Ұқсастарын табу.
42