Page 41 - 18.3
P. 41
special-edu.kz.
special-edu.kz.
САБАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАРҒА ТҮСІНДІРМЕ
1-сабақ. Кіріспе. Бейнелеу өнері сабақтары
«Өзім туралы» ортақ тақырыптың мәнмәтінінде:
1. Білім алушылардың назарын сурет салу кезінде дұрыс
отыру қажеттілігіне аудару.
special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Мүсінді неге дұрыс ұстау керектігі туралы айту.
3. Дұрыс мүсіннің денсаулық үшін маңыздылығы туралы
айту.
Тапсырмалар:
1. Бейнелеу өнері кабинетіндегі тәртіп ережелерімен және
қауіпсіздік техникасы талаптарымен таныстыру.
2. Сурет салуға арналған құралдар мен материалдарды
үстелде тиімді орналастыру қажеттілігі туралы түсіндіру.
Бейнелеу өнерінің келесі сабақтарында тәртіп пен жұмыс
орнын ұйымдастыру ережелері бекітіледі.
3. Бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны туралы айту.
4. Сабаққа арналған дәптердегі иллюстрациялар туралы
special-edu.kz. special-edu.kz.
әңгіме жүргізу.
5. 0-сыныптың дайындық деңгейін (қарындашты ұстай
білу, сызықты жүргізу, бетте бағдарлау, сөздік нұсқауды
тыңдау және орындау) тексеру.
6. Білім алушыларға салғысы келетін, сала алатын суретін
салуды ұсыну.
2-сабақ. Қайталау. Сызықтар. Олар қандай болады?
«Өзім туралы» ортақ тақырыптың мәнмәтінінде:
1. «Адам дене бөліктері» сергіту сәтін ойын түрінде өткізу.
Мысалы:
– Адамның неше аяғы бар (алақанмен аяқты шапалақтап,
special-edu.kz. special-edu.kz.
санау)?
– Адамның екі қолы бар, оң қолы (жоғары көтеру) және
сол қолы (жоғары көтеру) және т.б.
Тапсырмалар:
39