Page 5 - 2.5.3
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
special-edu.kz.
special-edu.kz. КІРІСПЕ
Зерде бұзылыстары бар балалар қоршаған әлеммен
таныстыру бойынша арнайы түзету мақсатындағы педа-
гогикалық жұмысты талап етеді. Осы үдеріс барысында ба-
ланың білім көкжиегі кеңейеді, ойлау жүйесі дамиды, актив
және пассив сөздігі кеңейеді, танымдық қызметі дамиды.
Жеңіл деңгейде ақыл-ойы кем балаға қоршаған шынайы
ортаның құбылыстары мен заттарының ерекше белгілерін
бөліп көрсетуді, қарапайым талдау мен синтез жүргізуді үйре-
теді, қоршаған шынайы ортаның құбылыстары арасындағы
қарапайым байланыстарды орнатуды үйретеді.
special-edu.kz. special-edu.kz.
«Айналадағы әлем» – адамның, табиғаттың және
қоғамның өзара байланысы мен өзара шарттылығы ту-
ралы білім жүйесін қалыптастыратын интеграцияланған
пән. Пәннің оқыту нысаны – адам, табиғат, қоғам, оның
ішінде, отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт,
қауымдастық, мемлекет, қоршаған орта.
Аталмыш курстың негізгі мақсаты – қоршаған шынайы
ортаның заттарымен және құбылыстарымен таныстыру
негізінде сөйлеу дағдысын дамыту. Сөйлеудің реттеуші
және коммуникативтік функциялары дамиды. Балалар-
ды өзіне айтылған сөзді түсініп, қажетті нұсқаулықтарды
орындауға, мұғалімнің талаптарына өзін бағындыруға үйре-
special-edu.kz. special-edu.kz.
теді. Сөйлеуді коммуникация құралы ретінде оқыту ере-
сектермен және құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу
дағдысын қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Сөйлеудің
лексикалық және синтаксистік жағы, байланысқан ауызекі
сөйлеу дағдысы дамиды.
3