Page 10 - 2.5.3
P. 10
special-edu.kz.
special-edu.kz.
«Айналадағы әлем» пәнін оқыту үдерісінде бұдан басқа
тәсілдер: табиғат пен қоғамдық өмірді бақылау; практикалық
жұмыстар мен тәжірибелер, оның ішінде, зерттеу түріндегі
жұмыстар; шығармашылық тапсырмалар; дидактикалық
және рөлдік ойындар; оқу диалогтері; қоршаған әлем
special-edu.kz. special-edu.kz.
нысандары мен құбылыстарын модельдеу пайдаланыла-
ды. Оқулық пен жұмыс дәптерінің мазмұны табиғи және
қоғамдық нысандар мен құбылыстарды бақылау, нысандар
мен үдерістерді модельдеу бойынша тәжірибелік зерт-
теу және практикалық жұмыстарды орындауға арналған
сан алуан тапсырмаларды қамтиды. Экскурсия, серуен
кезінде, табиғат нысандары мен құбылыстарының әдеби
және көркем бейнелерін пайдалана отырып, жеңіл ақыл-
ой кемістігі бар оқушының эмоциясы мен шығармашылық
мүмкіндігін дамыту іс-жүзіне асырылады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар құрамдастырылған
және ол төменгі, орташа және жоғарғы деңгейдегі тап-
сырмаларды қамтыған. Тапсырмалар жүйесі жеңіл ақыл-
special-edu.kz. special-edu.kz.
ой кемістігі бар бастауыш сынып оқушысының қоршаған
әлемді қабылдауының жеке ерекшеліктерін, жас шамасын,
психофизиологиялық ерекшеліктерін, әртүрлі деңгейдегі
білімді (репродуктивті, өнімді, шығармашылықты) меңгеру
мүмкіндіктерін есепке алу мұғалімге оқушыға берілетін жеке
жүктемені түрлендіруге мүмкіндік береді.
«Айналадағы әлем» оқу курсының оқу үдерісін жүзеге асы-
руды ұйымдастыру түрі сан алуан түрлі болуы мүмкін, мысалы,
дидактикалық ойындар, мұражайдағы, мектеп үлескесіндегі,
саябақтағы, қала және ауыл көшелеріндегі және т.б. сабақтар;
қандай да бір болжамды тексеруге арналған зерттеу және
тәжірибе сабақтары; саяхат сабақтар және т.б. «Айналадағы
special-edu.kz. special-edu.kz.
әлем» пәніне оқыту үдерісінде зерде бұзылыстары бар
оқушылар қоршаған әлемді танудың эмпирикалық және
теориялық тәсілдерін, оның ішінде, танымның жалпы ғылыми
(жіктеу, талдау және т.б.) және арнайы (бақылау, тәжірибе
және т.б.) тәсілдерін біртіндеп меңгере бастайды. Оқу
8