Page 7 - 2.5.3
P. 7
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ОҚУШЫЛАРДЫ АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕМНІҢ ЗАТТАРЫМЕН
ЖӘНЕ ҚҰБЫЛЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ БОЙЫНША
ТҮЗЕТЕ ДАМЫТУ ҚЫЗМЕТІ
«Айналадағы әлем» оқу пәнінің міндеті – жеңіл деңгейде
special-edu.kz. special-edu.kz.
ақыл-есі кем балалардың жалпы және сөйлеу кемшіліктерін,
танымдық әрекеттерін мақсатты түрде түзету.
Зерде бұзылыстары бар оқушыларда өзге оқу пәндерін
оқу барысында қажет болатын қоршаған ортаның заттары
мен құбылыстары, олардың өзара байланыстары мен қарым-
қатынастары туралы қарапайым түсініктер мен ұғымдар
қалыптасады. Балалардың ойлау қабілетін дамыту үшін
білімді кеңейту ғана емес, оларды жүйелеу маңызды. Таби-
ғат құбылыстары, күнделікті өмірден алынатын фактілер
бір-бірінен оқшау оқытылмауы тиіс, олардың байланыстары
ескерілгені дұрыс. Қоршаған шынайы ортаның заттарымен
және құбылыстарымен таныстыру сабақтары оқушылардың
special-edu.kz. special-edu.kz.
бақылау, көргенді жүйелеу, яғни типтік белгілерін ерекшелеу
қабілеттерін дамытады. Ұғымдарды айтарлықтай көлемде
жинақтау, бөлшектеу және ажырату, араларындағы бай-
ланысты анықтау үдерістері жүзеге асады. Қоршаған шы-
найы ортаның заттары мен құбылыстары туралы ұғымдар
тобын нақтылау мен кеңейтудің арқасында оқушылардың
сөздік қорлары молаяды: қажетті терминдер енгізіледі,
түрлік және жыныстық ұғым арасындағы айырмашылық
көрсетіледі; әңгімелесу барысында сөздік қолданысқа
түседі, меңгерілген сөздер сөйлеу кезінде пайдаланылады.
Пәндік көрнекілік кең қолданыла түседі, енді ол оқылатын
заттың немесе құбылыстың сөздік бейнесін жаңғырту үшін
пайдаланылады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Экскурсиялар барысында балалар заттармен және құ-
былыстармен табиғи жағдайда, ал пәндік сабақтарда тікелей
сезім негізінде қабылдау арқылы танысады. Бір затты (нысан-
ды) әртүрлі жағдайда бақылау шынайылықты тану үдерісін
5