Page 9 - 2.5.3
P. 9

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


              ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
                       АРНАЙЫ МЕКТЕПТІҢ 2-СЫНЫБЫНДА
           «АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕМ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУЛЫҚТЫ ЖӘНЕ
            ЖҰМЫС ДӘПТЕРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

             Арнайы мектептердің (сыныптардың) 2-сыныбындағы жеңіл
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған «Айналадағы әлем»
           пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) құрамында
           оқулық, жұмыс дәптері және құзыреттілік тәсілдерге негізделген
           қағидалар қамтылған әдістемелік құрал бар.
             Оқулық пен жұмыс дәптерінің құрылымы екінші сынып
           оқушыларының оқу әрекеттерін ұйымдастырудың сан алуан
           түрлерімен және өздігінен орындауға арналған жіктелген
           жүйемен қамтамасыз етеді, оқулықтағы оқу мәтіндері ортақ
           тақырыптар бойынша құрамдастырылған,  оқудағы жетістіктерді
           бағалау (оқушының да мұғалімнің де) мүмкіндіктерін есеп-
           ке ала отырып құрылған  және  оқушылардың танымдық
           қызығушылығын қалыптастыруға көмектеседі. Оқу материалы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           бастауыш мектеп оқушысының экологиялық ойлау қабілетін
           қалыптастыру  мақсатында  әлемдегі  өзара  байланысты
           анықтауға бағытталады. Табиғи-ғылыми және гуманитарлық
           білімнің кірігуі оқушылардың айналадағы әлемді эмоциялық-
           бейнелік (сезім мүшелерімен) және тиімді логикалық (ойлау)
           тұрғыда тануына көмектесетін құрал ретінде пайдаланылады.
             Оқулыққа  енетін  сұрақтар  мен  тапсырмалар  келесі
           топтарға бөлінген:
             – алған білімді практикалық тұрғыда қолдануды талап
           ететін сұрақтар мен тапсырмалар;
             – білімді шығаруға (айтып бер) бағытталған сұрақтар мен
           тапсырмалар. Сұрақтар мен тапсырмаларадың бұл тобы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           білімді анықтауға және бекітуге көмектеседі;
             – білімді логикалық тұрғыда түсінуді талап ететін сұрақтар
           мен тапсырмалар: салыстыру, нақтылау, себеп-салдарлық
           байланысты  табу,  тұжырымдау,  сондай-ақ  нысандарды
           бақылау мен тәжірибенің көмегімен зерделеу.


                                                                           7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14