Page 11 - 2.5.3
P. 11

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           әрекетінің әртүрлі түрлерін: ойын, мәтінмен, иллюстрация  -
           мен, кестемен және сызбамен жұмыстарды меңгереді.
             Берілген оқу пәнін оқыту тәсіліне, біріншіден, қоршаған
           әлем  туралы  білімді  біріктіруді,  екіншіден,  бастауыш
           мектеп  оқушыларында  қоршаған  әлем  туралы  тұтас
           көзқарасты  қалыптастыруды  және  ондағы  өзінің  орнын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           анықтауды білдіретін кіріктіру қағидасы негіз болады. Зерде
           бұзылыстары бар оқушылардың қоршаған әлемді біртұтас
           қалпында  да  қабылдауына  көмектесетін  сабақтардың
           мазмұнын құрамдастыратын бірнеше бағыттарды ерекше-
           леуге болады. Олар:
             1. Зерде бұзылыстары бар оқушыларға арналған «Айнала-
           дағы әлем» пәні бойынша Типтік оқу бағдарламасында беріл-
           ген қоршаған әлемді құрушылардың әрқайсысын оқығанда,
           басқа құрастырушы элементтерді де ендіріп отыру керек.
             2. Табиғатқа қатысты мәселелерді оқыту кезінде мүм-
           кіндікке қарай қоршаған табиғатты сақтау туралы да нұсқау
           беру керек.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             3. Оқылған материалды реттеу, кіріктіру үшін маңызды
           құрал болып табылатын қорытынды сабақтар мен қайталау
           сабақтарын кеңінен пайдалану керек.
             4.  Сабақтан  тыс  шаралардың  кіріктіру  мүмкіндіктерін
           кеңінен пайдалану керек.
             «Айналадағы  әлем»  пәні  бойынша  сабақ  2-сыныпқа
           аптасына  2  сағат  өтеді,  яғни  оқу  жылында  68  сағатты
           құрайды. Күнтізбелік жоспарлау барысында мұғалім сынып
           оқушыларының танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып,
           тақырыптарды өз бетімен таңдап, оларды оқытудың уақытын
           өзі анықтайды.
             Орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес жеңіл
           ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған «Айналадағы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           әлем» пәнінің барлық мазмұны сегіз ортақ тақырып бойынша
           топтастырылған:
             1. Өзім туралы. 2. Менің мектебім. 3. Менің отбасым және
           достарым. 4. Бізді қоршаған әлем. 5. Саяхат. 6. Салт-дәстүр.
           Мерекелер. 7. Тағам және сусын. 8. Дені саудың – жаны сау.


                                                                           9
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16