Page 5 - 2.9.3
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
КІРІСПЕ
special-edu.kz. special-edu.kz.
Бұл оқу-әдістемелік кешен типтік оқу жоспары мен маз-
мұны жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес зерде бұ-
зылыстары бар балаларға арналған және олардың даму
ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ тілін оқыту үшін әзір-
ленген. Ол оқулық, жұмыс дәптері және осы әдістемелік
құралдан тұрады.
Оқу-әдістемелік кешенді оқытуды ұйымдастыру кезінде
зерде даму бұзылыстары бар оқушылардың кез келген
жағдайларда: арнайы мектепте, жалпы білім беретін мектеп-
тің арнайы сыныбында, инклюзивті білім беру сыныптарын-
да пайдаланылуы тиіс.
Қазақ тілі пәні зерде бұзылыстары бар балаларға ар-
налған арнайы мектепте барынша қарапайым тұрғыда
special-edu.kz. special-edu.kz.
жүргізіледі. Бұл мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақ-
саты – оқушыларды оқуға, жазуға және тіл арқылы қарым-
қатынас жасау қызметінің түрлерін (тыңдау, оқу, сөйлеу,
жазу) меңгеруге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын
еркін жеткізе алуға тәрбиелеу.
Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылады:
• оқушылардың ұғымына сай мәтіндерді дұрыс оқып,
мағынасын түсінуге үйрету;
• ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға қа-
жетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өз ойын
жүйелі түрде дұрыс жеткізе білуге үйрету;
• айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын
special-edu.kz. special-edu.kz.
дамыту;
• оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес орфогра-
фиялық және пунктуациялық ережелерді практикалық
түрде меңгеру;
3