Page 10 - 2.9.3
P. 10

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          сырмаларды талдап, түсіндіріп бере алатындай дәрежені
          іске  асыру  көзделеді.  Оқушылардың  тапсырмасының
          күрделілігі  әртүрлі  қызметтегі  жетістіктері  үшін  бақылау
          негізінде таңдалады. Әр оқушыға қарапайымнан күрделіге
          дейінгі тапсырмаларды біртіндеп және дәйекті күрделендіріп
          арттыру  керек.  Барлық  оқушылар  күрделіліктің  барлық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          деңгейлеріне қол жеткізе алмайтынын ұмытпаңыз. Оқушы
          өзінің мүмкіндіктеріне сәйкес, мысалы, бірінші деңгейдегі
          күрделілік материалымен ғана оқу материалымен жұмыс
          істеуге құқылы. Оқулықта белгіленген бағдарлау дағдыларын
          қалыптастыру, оны мұқият пайдалану, оқулық материалын
          түсіну және түсіндіру үшін сабақта арнайы уақыт бөліңіз.
            Оқушы әрбір сабақта жұмыс дәптері арқылы оқулықтың
          мазмұны мен практикалық іс-әрекеттерін толықтырып оты-
          рады. Жұмыс дәптері сабақта оқушылардың жеке жұмысын
          ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқушыға бір сабақта бір
          жұмыс парағы берілуі керек, жұмыс кезінде алаңдамауы
          үшін белгіленген бетін мұқият кесіп алған жөн.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Оқушыларға жазу жұмыстарының (бояу, жазу) тек жұмыс
          парағында ғана орындалуы керек екендігін түсіндіру қажет.
          Оқулық беттерінде қарындаш пен қалам қолдануға бол-
          майды.
            Жұмыс  дәптеріндегі  жаттығулар  оқушыдан  белсенді
          зерттеуді талап етеді. Мысалы, сырттай қарау, хат жазы-
          су, ережені толықтыру, суреттерге қарап мәтін құрастыру,
          сөздерді толықтыру т.б. сияқты тапсырмаларды орындау
          талап етіледі. Оқушының назарын аудару үшін жағдай жаса-
          лады, аналитикалық-синтетикалық белсенділік, салыстыру,
          қарсы қою, көрнекі құралдарды үйлестіру, өзін-өзі бақылау
          сияқты жағдайлар жасалады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Оқушының  барлық  жұмыстары  тақырыпқа,  бөлімге,
          тоқсанның  және  оқу  жылының  соңында  оқып  болғаннан
          кейін өз жетістіктерін талдау үшін арнайы папкаға жиналады.
          Оқушылар барлық жаттығуларды орындауға міндетті емес.


          8
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15