Page 13 - 2.9.3
P. 13

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

              Оқыту жүйесінде экскурсияның білімдік және тәрбиелік
           мәні өте зор, ол оқушының тақырыпты барынша толығырақ
           ұғынуына мүмкіндік береді. Оқу мен жазуға үйрету бары-
           сында оқушылар фонетикадан алған бірқатар мәліметтерін
           еске түсіру үшін олар әр сабақтың алдында қайталап оты-
           рады. Себебі, зерде даму бұзылыстары бар оқушылардың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           біліміндегі  кемшіліктерді  анықтау  өте  маңызды  болады:
           ақыл-ойы кем балалардың жетіспеушілігіне не жататынын
           аңғаруымыз қажет. Мысалы, олар сөздерді буынға бөле
           алмайды, бөлген жағдайда кемшіліктер жібереді. Сөйлем
           құрауда  мағыналарына  жіті  көңіл  бөлмейді,  орындарын
           ауыстырып  жазады.  Мұндай  олқылықтарды  болдырмау
           үшін жаңа сабақты бастамас бұрын сөзді буынға бөлдіріп,
           буын санын сұрай отырып, дыбыстардың дауысты, дауыс-
           сыз болатынын, қайсысы қай топқа жататынын графикамен
           сыздырып, ал буынға бөлуде қол шапалақтату арқылы буын
           санын  табуға көңіл бөлінеді.
             ІІІ топтағы оқушыларға бағдарламалық материалды мең-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           гертуде көп қиындықтар кездеседі, оларға әр уақытта жаңа
           сабақты түсінуде заттық материалдар мен ауызша-логикалық
           ойлау қабілеттерін дамытуға қажетті көрнекіліктерді мол
           пайдалануды  қажет  етеді.  Себебі,  олардың  ойлау,  есте
           сақтау, логикалық ойлау қабілеті тек қана көру, есту дағды-
           сына байланысты ғана дамиды, сол арқылы дамып оты-
           рады. Ең алдымен, оқушыны айтылатын нәрсенің ең қара-
           пайым түрімен таныстырады. Оқушыға осы қарапайым дағ-
           дыны меңгертудің өзіне көп уақыт, жұмыс керек.
              Осы санаттағы оқушылар жалпы оқу үстінде жаңа мате-
           риалды бірден түсіне алмайды, олар қайта-қайта қосымша
           түсіндіруді қажет етеді. Өз бетімен жұмыс істеу қабілеті жоқ.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           Екінші топтағы балаларға қарағанда сабақты ұғыну үдерісі
           өте төмен. Мұндай оқушылардың білу дағдыларын қалып-
           тастыру үшін үнемі ұйымдастырып, сұрақтар қою арқылы
           сүйемелдеп отыру керек. Ол үшін ұстануға тиісті мақсаттар:


                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18