Page 12 - 2.9.3
P. 12
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зерде бұзылыстары бар оқушыларға арналған көмекші
мектептердегі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде профес-
сор А. А. Воронкованың жүйесі бойынша 4 топқа бөлінеді:
special-edu.kz. special-edu.kz.
І топтағы балалар көбіне бағдарламада берілген ма-
териалды толық меңгеріп, өздігінен берілген тапсырманы
орындай алады, тапсырмадағы кейбір өзгерістерді тез ұғып,
жаңа сабақты тез меңгереді. Мұндай топтағы оқушылар
алған білімдерін машықтық жұмыста өте тез көрсете ала-
ды. Сондықтан қазақ тілі сабағында І топтағы оқушылар,
дыбыстық-әріптік талдауды жеңіл меңгеріп кетеді, соны-
мен қатар оқу, жазу және дұрыс жаза білу дағдыларын тез
үйреніп алады.
Мысалы, өзіне бөлек тапсырма белгіленген парақша
беріп, оқушының ойлау қабілетінің қаншалықты дәрежеде
дамығандығы бақыланады. Оны дәптеріне көшіріп, оған тал-
special-edu.kz. special-edu.kz.
дау жасай отырып оқып, жаза алады. Осындай талдаудың
арқасында оқушы қатесін жояды, фонематикалық есту, көру
қабілеттері дамиды, сөздік қоры артады.
ІІ топтағы оқушылар – бағдарлама бойынша оқытуда
көп қиындық келтірмейді. Бірақ І топтағы оқушылармен
салыстырғанда көптеген қиындықтар ұшырасады. Олар
көбіне мұғалімнің көмегінсіз өтілген материалды қарапайым
түрде де қорытындылай алмайды, осыған байланысты
олардың дамуындағы кемістіктерді түзете отырып мынадай
мақсаттар қойылады:
• балаларға қажетті терминдерді меңгерту, мағына-
ларындағы айырмашылықтарды ажыратып түсіндіру;
special-edu.kz. special-edu.kz.
• балалардың айналадағы заттарды, құбылыстарды
тікелей бақылау, сұраққа толық жауап беру, суретке
қарап әңгіме құру, әртүрлі машықтық жұмыстар жүргізу
қажеттілігі ескеріледі.
10