Page 7 - 2.9.3
P. 7
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ұғымды түсіндіру. Жарты сызықша (дефис) туралы түсінік
беріледі. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың сөйлеу тілінің
фонетико-фонематикасының бұзылуының жиі кездесуі
олардың грамматиканы және емлені игеруін қиындатады.
Сондықтан арнайы мектепте барлық сыныптарда дыбыстық-
әріптік талдауға ерекше көңіл бөлінеді.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Бастауыш сыныптарда дыбыстық талдау емлені сақтап,
сауатты жазудың бірден-бір негізі болып табылады.
Сөз. Арнайы мектептің практикалық жаттығуларды орын-
дау барысында әртүрлі сөздер (заттың атын, қимылын, түсін
және т.б. білдіретін) өтіледі.
Сөйлем. Арнайы мектепте сөйлемді оқытудың әлеуметтік
өмірге дайындап, бейімдеуге, қарым-қатынас жасауға
үйретуге зор маңызы бар. Сөйлем туралы ұғымды оқушылар
сөйлемді талдау немесе сөзден сөйлем құрау кезінде иге-
реді. Сурет, сұрақ бойынша, ретпен, ретсіз берілген сөздер-
ден сөйлем құрап, жаттығулар барысында оқушылар сөй-
лемде сөздердің ретімен орналасатынын және оның бір-
special-edu.kz. special-edu.kz.
бірімен байланысып, бір ойды білдіретінін саналы түрде
түсіне біледі.
Сөз таптары. Арнайы мектептерде сөз таптары тура-
лы жалпы ұғым беріледі. Сөз таптарын сұрақ қою арқылы
мағынасына қарай ажырату қалыптастырылады. Оқушылар
бастауыш сыныптарда сөз таптарының негізгі белгілерін
меңгереді.
Байланыстырып сөйлеу. Мүмкіндігі шектеулі балалар-
да өз ойын жүйелі толық жеткізе алу қабілеті өте нашар
дамиды. Сондықтан Қазақ тілі сабақтарында бастауыш
сыныптардан бастап балалардың ауызекі және жазба тілде
байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруға ерекше көңіл
special-edu.kz. special-edu.kz.
бөлініп отыр.
Сөйлеу мәдениеті – арнайы мектеп оқушыларын
оқытудың басты мақсаттарының бірі. Оларды әлеуметтік
ортаға, еңбекке бейімдеу болып саналады. Сондықтан
5