Page 14 - 2.9.3
P. 14

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            •   балалардың білімін, ептілігін, дағдыларын байқаумен
               тексеру (оқу, жазу сабақтарында);
            •   балаларды оқуға қызықтыру;
            •  балалардың жалпы және тілдік дамуындағы ерекше-
               ліктерін айқындау;
            •   есту, көру дағдыларын дамыту;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            •   қолдың бұлшық еттерін шынықтыруға қатысты жұмыс-
               тар жүргізу;
            • фонематикалық есту қабілеттерін дамыту және т.б.
            Бұл топтағы оқушылардың қазақ тілін оқып үйренуде жиі
          жіберетін қателіктері:
            •   сөздер жазғанда көп қателіктер жібереді;
            •   әріпті, буынды тастап кетеді;
            •   әріптің үстіне әріп жазылады;
            •   әріптерді қосып жазбайды, жолдан шығып кетеді.
            Бұл жағдайлардың алдын алу тәсілдері:

            •   буынды, сөзді, сөйлемді жазғанда кеспе әріптермен
               жұмыс жүргізу керек;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            •   суреттер арқылы тілін дамытып, сөзді дәптерге жаз-
               дыру;
            •   талдаудың ізімен анализ жасап, оқытып жаздыру.
            Осылай талдаудың арқасында оқушылар қателіктерін
          жояды, фонематикалық есту, көру қабілеттері дамиды, сөз-
          дік қоры артады.
            ІV топтағы оқушылар арнайы мектепте қолданылатын оқу
          материалдарының өзін ең төменгі дәрежеде қабылдайды.
          Оларға  жалпы  оқу  үдерісіндегі  түсіндірулер  жеткіліксіз.
          Оларға тапсырма беруде, жаңа сабақты меңгертуде көптеген
          тәжірибелер мен жаңа әдістемелік тәсілдерді қолдануды,
          мұғалім тарапынан нақты бақылауды қажет етеді. Ол үшін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          олармен жеке сауат ашу кезеңінде қойылатын талаптармен
          жұмыс жүргізіледі:
            •   әріптерді, оларды бір-бірімен тіркестіріп, буындарды,
               тәсілдерді дұрыс меңгерту;


          12
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19