Page 38 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 38

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                        Өзі кінәлі                               special.edu.kz.


                 Сабақтан келісімен Оспан сөмкесін лақтырып тастады. Үстел

             үстінде тұрған тамақты тез ішіп, ойнауға кетті. Ол кешке дейін доп
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             қуып жүргенде, үйдегі інісі Мұрат та қарап отырған жоқ. Әуелі

             Оспанның сөмкесін ала мысықтың мойнына байлап сүйретті.
                 Сонан соң ішін ақтарды. Қарындаштарын өзінің қорабына сал-

             ды. Кітаптардан үй жасады. Кітаптың ішіндегі суреттерді қарай
             бастады. Бірде қып-қызыл алмалар ұнап кетті оған. Оны жыртып

             алды.  Түкіріп-түкіріп  төсегінің  тұсына  жапсырып  қойды.  Сөйтіп
             жүріп сия төгіп алды. Дәптердің бір-екі парағын жұлып алып сүр-

             темін дегенде, үстін былғады. Осы кезде ойына Оспан түсті. Де-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             реу кітап-қағаздарын сөмкеге салды.
                 Оспан сөмкесін ертеңгі сабақ үстінде бір-ақ ашқан еді. Кітап
             бүлінген. Дәптер жыртылған, қарындаштар жоқ. Мұны көргенде,

             ол бақырып жылап жіберді. Ойнаймын деп жүріп сөмкесін ашпаға-
             ны, үйге берілген тапсырманы орындамағаны да сонда ғана барып

             есіне түсті.

                                                                                            (С. Сарғасқаев)


                      1. Оспан сабақтан келісімен не істеді? Ол қайда кетті?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                      2. Інісі Мұрат Оспанның сөмкесімен не істеді?
                 3. Оспанның кітаптарын Мұрат қалай бүлдірді?
                 4. Оспан сөмкесін қашан ашып көрді?
                 5. Сөмкесін ашқан кезде ол қандай көңіл күйде болды?
                 6. Үйге берілген тапсырманы орындаған ба?
                 7. Неліктен үй тапсырмасын орындамады?
                 8. Неліктен мәтін «Өзі кінәлі» деп аталған?







 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.






             36
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43