Page 37 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 37
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Менің сыныбым special.edu.kz.
Мен үшінші сыныпта оқимын. Біздің сыныпта оқушылардың
бәрі ақылды, алғыр. Ұстазымыз Әлия апай бізге өнерлі болуды,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сабақты жақсы оқуды үйретеді. Әрқашан сабаққа келгенде киім-
деріміздің таза, ұқыпты болуын қадағалайды.
Біздің сынып мектептегі жарыстарға қатысады. Әрқашан бірін-
ші орындарды жеңіп аламыз. Мен өз сыныбымдағы оқушылардың
бәрімен доспын. Сабақтан кейін біз бірге кітапханаға барамыз.
Кітапханада көптеген қызықты кітаптар бар. Кітапханашы апай
бізге кітапхана ережесін айтып береді.
(Ғ. Әзи)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Бала нешінші сыныпта оқиды?
2. Оқушыларға ұстазы қандай болуды үйретеді?
3. Сынып оқушылары қайда қатысады?
4. Сабақтан кейін балалар қайда барады?
5. Кітапханаға оқушылар не үшін барады?
Сөйлемді аяқта. Өз сыныбың туралы айтып бер.
Мен ... сыныпта оқимын.
Біздің сыныпта ... бар.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Сыныптағы оқушылар бір-бірімен ... .
Мәтіннің алғашқы азат жолын тауып оқы.
Тірек сызбаны пайдаланып өз ұстазың туралы айтып бер.
Ұстазым көмекші үйретеді
Мәтінді түсініп оқы.
Өз сыныбыңмен кітапханаға барып көрдің бе?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Кітапханадан кітап алып оқисың ба?
Кітапхана ережесін білесің бе?
35