Page 35 - Оку жане тил дамыту_Окулык_3-сынып
P. 35
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Сәкеннің суреті special.edu.kz.
Мектепке Сәкен Сейфуллин есімін бергенде, қуанбаған оқушы
болмады. Соның бірі Медет еді. «Мен өскенде Сәкен атамдай бо-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ламын» деп жүретін.
Мектептегі дәліздің көрнекті жерінде Сәкеннің суреті ілінді.
Медет мектепке келген сайын суретке бір қарамай өтпейтін.
Сәкен атасы: «Сабағыңды жақсы оқы, үлкен азамат бол», – деп
тұрғандай көрінетін.
Медет бүгін сыныптан көңілсіз шықты. Қазақ тілі пәнінен екілік
алды. Дәлізде Сәкен атасының суретіне көзі түсіп кетіп еді: «Ме-
дет, бүгін саған не болған?» – деп тұрғандай көрініп кетті. Медет
өзінен-өзі қысылып, жылағысы келді.
special.edu.kz. special.edu.kz. (А. Хамзаұлы)
special.edu.kz.
көрнекті жер – барлығына көрінетін жер
1. Мектепте оқушылар не үшін қуанды?
2. Медет өскенде кімге ұқсағысы келді?
3. Дәлізде кімнің суреті ілінген?
4. Медет қазақ тілінен қандай баға алды?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
5. Оның неге жылағысы келді?
6. Мәтін неліктен «Сәкеннің суреті» деп аталған?
Жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы өз мектебің туралы айтып
бер. Өзің оқитын мектеп неше қабатты? Мектебіңде асхана, дене-
шынықтыру залы бар ма?
Мәтіннің соңғы азат жолын тауып оқы. Медеттің көңіл күйі туралы айт.
Өзіңнің екілік немесе бестік баға алған кезіңде көңіл күйің қандай бола-
ды?
Мәтінді тізбектеп оқы. Өзің оқитын мектептің дәліздерінде не ілініп
тұр?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
33