Page 5 - Оқу және тіл дамыту. 3-сынып. әдістемелік құрал
P. 5
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
КІРІСПЕ
Оқу-әдістемелік кешен жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
оқушыларды оқу және тіл дамыту пәніне оқытуда Типтік
оқу жоспары мен жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға
special.edu.kz. special.edu.kz.
сәйкес құрылған. Оқу-әдістемелік кешенге оқулық,
балаларға арналған жұмыс дәптері және әдістемелік
құрал кіреді.
Оқу және тіл дамыту сабақтары зерде бұзылыстары
бар балаларға арналған арнайы мектептің оқу-тәрбие
үдерісінде ерекше маңызды. Балалар сабақта біліммен
қатар тәрбиелік жағын алып жүруі тиіс.
«Оқу және тіл дамыту» пәнінің мақсаты – балалардың
түсінуіне қолжетімді мәтіндерді дауыстап және іштей оқуы,
оқығанын түсіне қабылдау, байланыстыра сөйлеуді дамы-
ту. Сонымен бірге оқушылардың бір-бірімен сөйлеу арқылы
қарым-қатынас жасап, өз ой-пікірлерін толық жеткізе алуы.
Оқу және тіл дамыту пәнінің міндеттері:
special.edu.kz. special.edu.kz.
- оқушыларда сөздердің дыбыстық құрылымын бұзбай,
екпінін дұрыс қоюды сақтап, мәтінді дұрыс оқуды қалып-
тастыру;
- мәнерлеп оқыған, түсінуге қолжетімді мәтіндердің,
шығармалардың мағынасын түсіну тәсілдерін меңгеруге
ықпал ету;
- оқушылардың оқығанын түсінуін қамтамасыз ететін
ойлау үдерістерінің қарқынына сәйкес шапшаң, мәнерлеп
оқу дағдысын қалыптастыру;
- шығарманы оқу барысында балалардың сөздік
қорларын толықтырып отыру. Бір-бірімен сөйлесу арқылы
special.edu.kz. special.edu.kz.
3