Page 6 - Оқу және тіл дамыту. 3-сынып. әдістемелік құрал
P. 6

special.edu.kz.
     special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           ойларын бөлісіп, бойларында жағымды эмоциялық ерік-
           жігер, тұлға қалыптастыру.
              Білім беру үдерісін ұйымдастыруда оқулық пен жұмыс
           дәптерінің рөлі маңызды болып саналады. Оқулықта
           өтілген тақырыпты жұмыс дәптері тапсырмалары
           арқылы одан әрі дамытып, толықтырып отырады. Зерде
           бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілі, ойлауындағы
           кемшіліктер кез келген тұлғамен қарым-қатынасқа түсуі
           кезінде байқалады. Арнайы мектептердегі оқушыларды
           оқытудағы негізгі бағыт коммуникациялық бағыт болып
           саналады. Сол себепті де «Оқу және тіл дамыту» пәні
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           оқушылардың сөйлеу, диалогке түсу, үлкендермен ой
           бөлісуі үшін қажетті пән болып саналады.
              Әдістемелік құралда зерде бұзылыстары бар балаларды
           оқыту әдістемесі берілген. Сонымен бірге мұғалімдерге
           көмек ретінде күнтізбелік жоспар, оқу мақсаттары
           бойынша күтілетін нәтижелер, оқу тақырыптарының
           технологиялық картасы, әр оқушының тоқсан бойынша оқу
           жетістік картасы, әр бөлім бойынша сабақтың ақпараттық
           картасының үлгілері берілген. Мұғалім өз таңдауы бойын-
           ша оқушылардың білім алу мүмкіншілігін ескере отырып,
           өзіне қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдаланады.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.




















 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11